Пандемияның кесірінен мектептегі дәстүрлі білім алу жүйесі өзгеріп, өткен оқу жылының басым бөлігінде оқушылар қашықтан оқыды. Оның да қиындығы жетерлік. Мектептің, мұғалімнің, қоңыраудың қадірін сезіндірген бір кезең болды бұл...

Мектепті, дәстүрлі оқу дағдысын сағынғандарға қуанышты жаңалық – оқу жылының ІІІ тоқсанынан бастап оқыту штаттық, аралас және қашықтық форматта жүргізіле бастады.
Бүгінде Батыс Қазақстан облысындағы 379 мектепте 111 132 оқушы білім алады екен. Қалыпты тірлігіне алдымен ауыл мектептері көше бастады. Сыныптағы оқушы саны 15-тен, мектептегі бала саны 300-ден аспайтын мектептерге санитарлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтай отырып, сабақты штаттық режімде жалғастыруға рұқсат берілген. Өңірде мұндай 256 мектеп бар. Онда 25 881 бала білім алады. Бұл – облыс аумағындағы барлық оқушының 23,3%-ы.
Сондай-ақ 110 мектептің 85 239 оқушысы, яғни 76,7%-ы аралас режімде білім алады. 1 мектепте 12 бала қашықтан оқиды. Ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша III тоқсаннан бастап 9 және 11-12 сынып оқушылары аралас форматта оқуға кірісті. Мектеп бітіретін түлектердің оқу жылы соңында қорытынды аттестациядан өтетіні, колледждерге түсу үшін кешенді емтихан, жоғары оқу орындарына түсу үшін ҰБТ тапсыратыны ескерілді. Бұл сыныптарда математика, қазақ тілі, орыс тілі, шет тілі, физика, химия, биология, алгебра, геометрия және тарих пәндері мектепте оқытылады. Яғни барлық пәннің 70%-ы штаттық форматта өтеді.
Мектептерде икемді сабақ кестелері жасалып, сабақтар арасындағы үзілістер әртүрлі сыныптар үшін әртүрлі уақытта ұйымдастырылуда. Сондай-ақ әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін ауысымдар саны көбейтіліп, пәндердің 30%-ы қашықтан оқытылады. «Мұндай шешім ата-аналар мен көпшіліктің пікірін ескере отырып қабылданды», дейді облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева.
Оның айтуынша, оқушылардың бағдарламадан кейін қалу деңгейін анықтау және оны теңестіру, негізгі пәндер бойынша білім қималарын диагностикалау, мониторинг, зерттеулер, сауалдамалар арқылы проблемалық мәселелерді зерделеу, артта қалған оқушыларға сараланған консультациялар өткізу, ата-аналар мен балалардың қалауы негізінде консультациялық онкүндіктерді ұйымдастыру бойынша жұмыс басталған.
Мұғалімдер мен ата-аналардың пікірін ескере отырып, кезекші сыныптарда дәстүрлі форматта оқуға мүмкіндігі жоқ оқушыларға мұғалімдердің қалауы бойынша жеке консультациялар ұйымдастырылуда. Сонымен қатар директормен кездесулер, педагогикалық кеңестердің мәжілістері, ата-аналар жиналыстары және т.б. қашықтан ұйымдастырылады.
Әрине жас буын үшін білім де, денсаулық та өте маңызды. Сондықтан штаттық режімде оқыту үрдісі қатаң санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жүзеге асырылуы керек. Бұл үшін жан-жақты ескерілген сабақ кестесі құрылады. Әлеуметтік алшақтықты сақтау, физикалық байланыстарды азайту үшін ауысым саны көбейеді. Әр сынып белгілі бір кабинетте орналасады. Әр сынып сабақ арасында үзіліске әр уақытта шығады. Мектепке кірер кезде медицина қызметкері әр оқушы мен мұғалімнің қызуын күн сайын өлшеп отырады. Бетперде режімі сақталады. Мектепке кіреберісте аяқкиімге арналған дезинфекциялаушы кілемшелер, ғимараттың барлық қабатында қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылады. Әр партаның арасы кемінде 1 метр қашықта болады. Кабинеттер және барлық жай желдетіледі, кварцталады. Асханада тамақтану қалыптасқан эпидемиялық жағдайға байланысты жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша және тиісті аумақтардың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлерінің келісімі бойынша ұйымдастырылады. Сапалы сумен жабдықтау, қолды жуу құралдары қамтамасыз етіледі.
Мұндай қатаң қауіпсіздік шаралары өңірде кәсіптік білім беретін колледждер мен лицейлерге де тиісті. 1-семестрде облыс бойынша 8 ауылдық колледж және еңбекпен түзеу мекемесінде орналасқан оқу орны штаттық режімде сабақ берді. Бұл оқу орындарында 1 235 студент білім алды. Енді 2-семестрден бастап тағы 25 колледжде 1-курстың 5 376 студенті аралас оқу форматына көшеді. Оларға тиісті пәндердің 70 пайызы штаттық режімде оқытылса, қалған 30 пайызы қашықтан беріледі. Ал осы колледждердің 2-4 курсында оқитын 10 342 студент қашықтан оқуды жалғастырады.
Колледж студенттерінің өндірісте машықтан өтуі штаттық режімге жоспарланған. Алайда өңірдегі эпидемиялық жағдайға байланысты санитарлық дәрігердің шешіміне сәйкес бұл шешімге өзгерістер енгізілуі де мүмкін.
Батыс Қазақстан облысы
Руханият • Кеше
Демографиялық дүмпу: Себеп не, болжам қандай?
Қоғам • Кеше
Синтетикалық есірткі таратқан алты дүкеннің жолы кесілді
Аймақтар • Кеше
QR-төлемдер ХҚКО-дағы кезек санын азайта ма?
Бағдарламалар • Кеше
Оқиға • Кеше
Жаңа Зеландияда Қазақстанның консулдығы ашылды
Оқиға • Кеше
Коронавирустың жаңа түрі анықталды
Әлем • Кеше
Қазақстанның 8 облысында ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
ҚТЖ жұмысшыларының жемқорлығы үшін басшылығы жауапқа тартылды
Қазақстан • Кеше
Біржолғы зейнетақы төлемі пайдаланылмаса не болады?
Экономика • Кеше
Таразда танымал түлектердің кездесуі өтті
Аймақтар • Кеше
Атырауда жолда қалған 63 адам құтқарылды
Аймақтар • Кеше
Қостанай облысында 169 жолаушы қар құрсауынан құтқарылды
Аймақтар • Кеше
Француз бизнесі алматылықтармен ынтымақтастықты жандандыруға ниетті
Қазақстан • Кеше
Алматының еріктілері қарт адамдарға қар тазалуға көмектесті
Аймақтар • Кеше
Атырауда 477 мың теңгенің мүлкін ұрлағандар ұсталды
Аймақтар • Кеше
Елбасы Бауыржан Байбекті қабылдады
Елбасы • Кеше
Ақмолада «Екатеринбург-Алматы» тас жолы ашылды
Аймақтар • Кеше
Батыс Қазақстанда жылу жүйесі қатып қалды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда жаңа кен орны табылды
Экономика • Кеше
Спорт • Кеше
Павлодарда ер адамды пойыз басып кетті
Аймақтар • Кеше
Іле-Алатау ұлттық табиғи паркіне - 25 жыл
Экология • Кеше
Ел қорғаған ердің есімі жаңғырды
Руханият • Кеше
Қоғам • Кеше
2020 жылы қанша мүгедек жан жұмыс тапты?
Қоғам • Кеше
«Сасыған сай» бойынша экологиялық мәселе осы жазда шешіледі
Экология • Кеше
Қарт адамдардың өмір сүру сапасын қалай арттырамыз?
Қоғам • Кеше
Сенаторлар ұлттық мүддені қорғау туралы түзетуді қабылдады
Парламент • Кеше
2021 жылы көлік сатылымы былтырдан да асып түсе ме?
Экономика • Кеше
Екібастұзда қар құрсауында қалған 9 адам құтқарылды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда шығармашыл жастарды қолдау қоры ашылды
Руханият • Кеше
Мемлекет берген қаржыға бизнес бастап кетуге бола ма?
Экономика • Кеше
Бүгін елордада мектеп оқушылары қашықтан оқиды
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар