Үкімет • 19 Қаңтар, 2021

Үкімет құрамына кірген министрлер ант берді

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет құрамына алғаш кірген министрлер ант берді, деп хабарлайды Egemen.kz

Үкімет құрамына кірген министрлер ант берді

«Үкімет құрылымында өзгерістер бар. Мұхтар Тілеудерді Премьер-Министрдің орыбасары – Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Мемлекет басшысының Жарлығымен Үкіметтің екі мүшесі жаңадан тағайындалды. Ол Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов. Олар өздеріне жүктелген маңызды міндетті жауапкершілікпен атқарады деп сенеміз. Жаңадан тағайындалған министрлерден ант қабылдауын сұраймын», деді Премьер-Министр Асқар Мамин.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов пен Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев ант берді.

«Қазақстан Республикасының халқы мен Президенті алдында өз Отаным Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің іс әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант беремін!» деді министр лауазымына алғаш кіріскен ведомство басшылары.

Соңғы жаңалықтар

Жаңатастағы жойқын дауыл

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Медалі көп чемпион

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Дүбірлі дода басталды

Олимпиада • Бүгін, 08:35

Сегіз Олимпиадаға қатысқан

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кешенді қолдау құжаты

Білім • Бүгін, 08:25

Бір сайыста – бес алтын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Сағадағы сатира кеші

Тағзым • Бүгін, 08:10

Монакодан ұтылды

Теннис • Бүгін, 07:55