Қоғам • 19 Қаңтар, 2021

2020 жылы көпбалалы аналар 236 млрд теңгеден астам жәрдемақы алды

144 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылы көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемдерімен жалпы сомасы 236,1 млрд теңгеге орта есеппен 392,4 мың отбасы қамтылды. Желтоқсан айында жәрдемақының бұл түрін жалпы сомасы 22 млрд. теңгеге 428,3 мың отбасы алды.

2020 жылы көпбалалы аналар 236 млрд теңгеден астам жәрдемақы алды

Аталған мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

2021 жылы төлем мөлшері балалардың санына байланысты 46760 мың теңгеден (4 бала) 81852 мың теңгеге (7 бала) дейін сараланды, 8 балаға – 93344 теңге, 9 балаға – 105 012 теңге, 10 балаға – 116 680 теңге, 11 балаға – 128 348 теңге, 12 балаға – 140 016 теңге, 13 балаға – 151 684 теңге, 14 балаға – 163 352 теңге, 15 балаға – 175 020 теңге, 16 балаға – 186 688 теңге.

Еске сала кетейік, көпбалалы отбасыларға олардың кірістерін есепке алмай берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақы Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты шеңберінде енгізілді.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше