Медицина • 19 Қаңтар, 2021

Қазақстанда вирустың британдық штамы анықталған жоқ

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронивирустың анықталуы мүмкін штамдарына күн сайын молекулярлық-генетикалық зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанда вирустың британдық штамы анықталған жоқ

«Вирустың мутациялға бейімділігін ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігі тұрақты түрде Қазақстанда коронивирустың анықталуы мүмкін штамдарына күн сайын молекулярлық-генетикалық зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Талдау жұмыстары зерттелген сынамалар генетикалық тұрғыда Германияда, Испанияда, Украина, Ресей, АҚШ пен Қытайда анықталған штамдармен ұқсас екенін көрсетті. Аурудың симптомды және симптомсыз формалары, сонымен қатар вирустың таралуы мен аурудың ауырлығы вирустың қандай да бір генетикалық желіге тиесілі екеніне тәуелді емес. Анықталу жиілігі жоғары мутациялар айқандалды. Зерттелген сынамаларда коронавирустың британдық штамы анықталған жоқ», деп сендірді Алексей Цой.

Алексей Цой бұл бағытта әрі қарай жұмыс жалғасатынын тілге тиек етті.