Өңірде тұрақтандыру қорына 2020 жылы 6,4 мың тонна өнім қоры сатып алынып, оның 5,2 мың тоннасы сатылған. Бүгінгі күні қорда 2 мың тоннадан астам өнім сақталып, саудалануда.
Бүгінгі күні әкімдіктер әлеуметтік дүкендерде өнімдердің өтімділігі артуы мен көлемі азаюына байланысты қосымша 23 тонна өсімдік майы мен 300 тонна картоп сатып алу жұмыстарын іске асыруда. Әлеуметтік дүкендерде халыққа 19 түрлі тауар ұсынылады. Әсіресе, халыққа аса қажет І сортты ұн, нан, күріш, қарақұмық жармасы, күнбағыс майы, сары май, макарон, картоп, пияз, қырыққабат, сәбіз, сиыр еті, тауық еті, сүт, айран, сүзбе, қант, тұз, жұмыртқа сияқты өнімдер саудалануда.
Қазір өңірде 29 әлеуметтік дүкен жұмыс істеп тұр. Өткен жылы облыста тұрақтандыру қоры әлеуметтік маңызы бар өнімдермен толықтырылып, 4,1 мың тонна өнім сатып алу үшін және айналым схемасы арқылы кәсіпкерлерге қарыз беру үшін жергілікті бюджеттен қосымша 1234,4 млн. теңге қаржы бөлінген.
Әлеуметтік дүкендерден бөлек, өңірде 1 әлеуметтік маркет пен 4 ірі супермаркет аса қажетті азық-түлік өнімдерін ұсынады. Соңғы жылдары шеткері аймақтың тұрғындары үшін де әлеуметтік дүкендер ашылған. Мәселен, Бәйтеректе «Баламекен», Наурыз, Белкөл, Ақжарма, Қараөзек, Қызылжарма ауылдары мен Эдельвейс саяжайында жұмыс жасайды.