Осы Келісімді ратификациялағаннан кейін Қазақстанда ЮНЕСКО-ның мәдениетаралық үнқатысу саласындағы саясатын әзірлеуге қатысу мүмкіндігі пайда болады.
Сонымен қатар біздің елімізде ЮНЕСКО аясындағы Мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық орталығы құрылатын болады. Ол жұмыс істеп тұрған «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» республикалық музейінің негізінде жұмыс істейтін болады. ЮНЕСКО аясындағы Мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық орталығы келешекте осы саладағы ғылыми зерттеулер үшін өңірлік хабқа айналуы тиіс.
Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.