Аймақтар • 19 Қаңтар, 2021

Қостанай облысында алимент төлеуден қашқан 119 әкенің мүлкі тәркіленді

252 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қостанай облысының сот орындаушылары алимент төлемей жүрген 14 мыңнан астам адамды тіркеуге алды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары Динара Сәрсебековаға сілтеме жасап.

Қостанай облысында алимент төлеуден қашқан 119 әкенің мүлкі тәркіленді

Қостанай облысында алимент төлемеген борышкерлердің берешегі 99 млн теңгеден асып кеткен. Бүгінде алименттерді өндіріп алу туралы азаматтық-атқарушылық істердің 398-і жеке сот орындаушыларына жіберілді. Алименттен жалтарған тағы 3 әкенің ісімен мемлекеттік сот орындаушылары жұмыс істеп жатыр.

«Облыс бойынша ағымдағы жылдың екі айында 42 адам әкімшілік жауапқа тартылды. Олардың ісі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 669 бабымен қаралды. Заңға сәйкес кәмелетке толмаған балаларға төленетін алименттер көлемін сот орындаушысы жалақы мен өзге де кірістерді негізге ала отырып айқындайды. Егер адам осы кезеңде жұмыс істемесе, онда оның алимент төлеу сомасы Қазақстан Республикасындағы орташа айлық жалақы мөлшеріне негізделеді», дейді облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары Динара Сәрсебекова.

Қостанай облысында 429 адам алимент төлеуден бас тартқан. Кейбіреуінің қарызы 3 миллион теңгеге жеткен. Сот орындаушылары балаға тиесілі қаражатты қайтару үшін әкімшілік істерді көбейтпек. Жалпы Қостанайда 96 жеке,17 мемлекеттік сот орындаушы жұмыс істейді. Олар полицейлермен бірлесе отырып түрлі рейдтік-шаралар өткізіп жтыр.

Айта кетейік, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексінің Заңның 125-бабында атқарушылық құжатты орындамағаны үшін борышкер әкімшілік не қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екендігі жазылған. 2020 жылы жеке сот орындаушылары 167 борышкерді әкімшілік жауапқа тартты, нәтижесінде 119 әкенің мүлкі тәркіленген.