Аймақтар • 19 Қаңтар, 2021

Өскеменде жоғалып кеткен жасөспірім табылды

135 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскемендік полицейлер жоғалып кеткен жасөспірімді тауып алды, деп хабарлайды Egemen.kz

Өскеменде жоғалып кеткен жасөспірім табылды

Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 13 қаңтарда сағат 10.00 шамасында «102» арнасына Жасөспірімдер үйінің қызметкерлері хабарласып, сол күні сағат 09.00-де 17 жастағы баланың сыртқа шығып, әлі күнге дейін оралмағандығы туралы айтты.

Полиция қызметкерлері жасөспірімнің қайда екенін анықтау үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Оның туған-туысқандары, достары мен таныстарының мекен-жайлары түгел тексерілді. Сақшылар көшелерді, аулаларды, жалға берілетін пәтерлер мен басқа да қоғамдық орындарды аралады.

«Соның нәтижесінде 18 қаңтарда таңғы сағат 05.00-де жоғалған жасөспірім анасының үйінен табылды. Полицейлер кәмелетке толмаған бала анасының үйі маңында кезекшілік ұйымдастырған еді. Тексеру барысында анықталғаны, жасөспірімнің анасы ата-ана құқығынан айырылған, ал әкесі қайтыс болған», деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері баланы «Жасөспірімдер үйі» КММ заңды өкіліне тапсырды. Олардың айтуынша, бала бұл мекемеден бұрын да бірнеше рет қашқан.