Аймақтар • 19 Қаңтар, 2021

Қызылжарда қала іргесіндегі ауылдарды тонаған ұры ұсталды

374 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұрын қалада қарақшылық жасағаны үшін ұсталып, жазаланған Петропавл қаласының 31 жастағы тұрғыны шаһарда ұсталатынын білген соң қала маңындағы ауылдарды тори бастаған, деп хабарлайды Egemen.kz

Қызылжарда қала іргесіндегі ауылдарды тонаған ұры ұсталды

Ол 13 қаңтар күні кешке Қызылжар ауданы Белое ауылының бір үйінің иесі жоқ екенін пайдаланып есікті бұзып кіріп, 100 мың теңге тұратын «Samsung» теледидарын қолды қылған. Екі күннен кейін салынып жатқан үйінің терезесін сындырып, 500 мың теңгенің құрал-саймандары мен құрылыс материалдарын Тепличное ауылынан ұрлаған.

Жедел қимылдаған полиция екі ұрлықты да жасаған бұрынғы қарақшылықпен қолға түскен сол қу екенін анықтады. Қазір ол уақытша қамау оқшаулағышына қамалып, үстінен Қылмыстық кодекстің 188-бабы - «Ұрлық» бойынша іс қозғалды. Теледидар алынды, ал қолды қылған басқа мүлікті күдікті сатып жіберген екен.