Аймақтар • 19 Қаңтар, 2021

Павлодарда ер адамды пойыз қағып кетті

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарда ер адамды локомотив қағып кетті. Зардап шеккен ер адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Павлодарда ер адамды пойыз қағып кетті

«Сағат 11:40-та Шығыс өнеркәсіп аймағындағы кірме жолда теміржол локомотивінің 60 жастағы жүргізушісі ер адамды қағып кетті», дейді облыстық полиция департаментінде. 

Аталған фактіге қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.