Елбасы • 19 Қаңтар, 2021

Елбасы белгілі актер Әлімғазы Райымбековтің отбасына көңіл айтты

1008 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев белгілі актер Әлімғазы Райымбековтің өмірден өтуіне байланысты туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елбасы белгілі актер Әлімғазы Райымбековтің отбасына көңіл айтты

«Елбасы белгілі актер Әлімғазы Райымбековтің өмірден өтуіне байланысты туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Ол ұлттық киномызда ұмытылмас бейнесі мен өзіндік ізін қалдырған талант иесі болатын. Елбасы оның жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталады деп сенім білдірді», деп жазды А. Үкібай.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Тақиялы періште» фильмінің бас кейіпкері, аты аңызға айналған актер Әлімғазы Райымбековтің өмірден озғанын хабарлаған едік. Кейінірек актердің коронавирустан қайтыс болғаны белгілі болды.