- Өңірде жыл сайын су тасқынының алдын алу мақсатында арнайы құрылған жұмыс топтарымен қорғаныс бөгеттеріне зерттеу жұмыстары жүргізіліп, қауіпті деген учаскелер анықталалып отыратынын білесіздер. Оларға қаржы бөлініп, кейбір тұстары қалпына келтіріліп, нығайтылады. Қыс-көктем мезгілінде дария деңгейін бақылауда ұстап тұруға арнайы техника, жауапты мамандар бекітілді. Күнделікті мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Дариядан келер қауіп жоқ, деді Бағдат Исламбекұлы.
Өткен жылы қорғаныс бөгетінің 16 тұсы жөнделіп, тазалау жұмыстары жүргізілген.