Хоккей • 19 Қаңтар, 2021

«Барыс» - «Йокерит» ойыны тікелей эфирде көрсетіледі

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін елордалық «Барыс» сырт алаңда финляндиялық «Йокеритпен» ойнайды, деп хабарлайды Egemen.kz

«Барыс» - «Йокерит» ойыны тікелей эфирде көрсетіледі

«Барыс» еншісіндегі 51 ұпаймен лиганың шығыс конференциясында сегізінші орында тұрса, «Йокерит» 53 ұпаймен батыс лигасының бесінші орнында.

Қос команда арасындағы осы маусымның алғашқы ойынында елордалық клуб өз алаңында есе жіберген болатын.

«Йокерит» - «Барыс» матчының тікелей трансляциясын «Qazsport» телеарнасы көрсетеді. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 22:20-да басталады.