Аймақтар • 19 Қаңтар, 2021

Алматы қаласының тұрғынынан 47 келіден астам гашиш тәркіленді

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбылдық полицейлер Алматы қаласының тұрғынынан 47 келіден астам гашиш тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы қаласының тұрғынынан 47 келіден астам гашиш тәркіленді

2021 жылдың 18 қаңтарында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолының 260-шақырымында Алматы қаласының 39 жастағы тұрғынының басқаруындағы «Golf-3» маркалы автокөлігі тоқтатылды.

Автокөліктің жүксалғышынан ішінде скотчпен оралған қаптары бар екі сөмке табылып, жалпы салмағы 47 кг 850 граммды құрайтын гашиш есірткі заты анықталған.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен (Есірткі заттарын өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті өз кінәсін мойындап, Қордай ауданының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

«Осы қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», деп мәлімдеді Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.