«Алда келе жатқан апат жағдайында өз пікірімізді білдіріп, бүкіл әлемге кеңес беру өте маңызды», дейді ол.
Эпидемия басталғаннан 76 күнге созылған оқшаулану кезінде Уханның 11 миллион тұрғынының басым көпшілігі Фанның онлайн күнделіктерін оқуды әдетке айналдырған. Сонымен қатар, күнделікте вирус алғаш пайда болғанда қаланың шынайы көрінісін оқып-білуге мүмкіндік болған. Шындықты ғана жариялап отырғна жазушы осыдан кейін Қытай билігінің назарына ілігіпті.
Оның айтуынша, қытайлық БАҚ-қа оның мақалаларын жарияламауға бұйрық берілген. Сонымен қатар, Қытай басылымдар оның жаңа туындыларын да жарияламайтын болған. Жазушы сонда да өзінің шегінбейтінін айтып отыр. Ол бүкіл әлемге зиян келтірген коронавирус туралы және Ухандағы жағдайға қатысты шындық айтылғаны жөн деп біледі.
Фан Фанға он мыңға жуық қорлайтын, өлім тілейтін хабарламалар келіп түскен. Әлеуметтік желілерде оны Батыспен бірігіп Қытай мемлекетіне шабуыл жасау үшін сатқындық жасайды деп айыптады. Қытай тұрғындары жазушыға тіпті АҚШ-тың барлау агенттігінің өзі күнделік жазу үшін ақша төлеген деп болжайды.