Білім • 19 Қаңтар, 2021

Жоғарғы жылдамдықты интернетке қол жетпей тұр

420 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстандағы отбасылардың жартысы ғана жоғарғы жылдамдықты интернетке қол жеткізген. Мәселен, Шымкенттегі 5 отбасының тек біреуі ғана кеңжолақты сымды интернетке қолжеткізсе, қала мектептеріндегі бір компьютерге шаққандағы оқушы саны 23-ке тең.

Жоғарғы жылдамдықты интернетке қол жетпей тұр

Ресми дерек бойынша, 2019 жылы Қазақстан мектептеріндегіі 1 компьютерге 11 оқушыдан келеді екен. Ал жоғарғы жылдамдықтағы интернет болса тек 47 пайыз отбасында ғана бар.

 Мұғалімдер мен оқушылардың цифрлы сауатының төмендігі мен тиімсіз оқу жүйесі елдегі білім берудегі теңсіздікті одан ары үдетті. Дүниежүзілік банк бағалауы бойынша, қауіпті жағдайларда аз қамтылған, алыс аудандардағы, ерекше күтімді қажет ететін топтар қалды. 

 Қазақстандағы және аймақтағы білім беру мен теңсіздік жайлы айтқанда сарапшылардың жағдайды сараптау және ынтамақтастық негізіндегі пікірлері толыққанды қамтылмайды. PaperLab Қоғамдық қорының зерттеушілер командасы Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстан үкіметтерінің қабылдап жатқан шараларының тиімділігі мен рөлін бағалау бойынша трансшекаралық жобаны бастады.

Инфографика

 Әр елдегі сарапшылар постпандемия өтпелі кезеңіндегі мықты және әлсіз тұстарды анықтай отырып, аймақтағы экономикалық теңсіздік пен білім берудегі қолжетімділіктің байланысы жөніндегі пікірталасты арттырады деп күтілуде.

 Жоба аясында Білім берудегі теңсіздік индексі әдіснамасын жасау жоспарлануда. Ол аймақ елдерін бір-бірімен салыстыруды ғана емес, артта қалған салаларды анық көруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, шешім қабылдайтын тұлғалардың назарын аталмыш проблемаға аудартуға тырысады.

 «Орта Азия елдеріндегі білім теңсіздігінің жаңа қырлары: мәселені зерттеу және білім саясатын өзгерту» жобасы Сорос-Қазақстан Қорының қолдауымен жүзеге асырылады. Зерттеудің мазмұны авторлардың көзқарасын білдіреді және Қор көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін. Жобаның медиасеріктесі – MediaNet Халықаралық журналистика орталығы.