Аймақтар • 19 Қаңтар, 2021

Түркістанда коронавирусқа қарсы екпе жұмыстары 1 ақпаннан басталады

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында пандемияның ықтимал екінші толқынында аурудың таралуын болдырмау мақсатында тиісті шаралар қолға алынуда. Осыған байланысты өңірде 1 ақпаннан бастап, коронавирусқа қарсы екпе жұмыстары жүргізілмек. Ақысыз түрде жүргізілетін вакцина алдымен медицина қызметкерлеріне салынатын болады, деп хабарлайды Egemen.kz

Түркістанда коронавирусқа қарсы екпе жұмыстары 1 ақпаннан басталады

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов мәлімдеді. «Қазіргі таңда облыс бойынша 610 инфекциялық және 340 карантиндік төсек-орын ұйымдастырылған. Бүгінде инфекциялық төсек-орындар санының жүктемесі – 23,6%, карантиндік төсек-орынның жүктемесі – 13% болып отыр. Қажет болған жағдайда инфекциялық төсек-орындар санын 5610-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар. Сонымен қатар 12 жылжымалы медициналық кешен жиынтығы сатып алынып, аудандарды қамтамасыз ету көрсеткіші 100 пайызды құрады. Жедел-жәрдем қызметіне 122 автокөлік сатып алу жоспарланып, 77 автокөлік жеткізілді. Бұл автокөліктер жедел-жәрдем қызметі паркін 96%-ға жаңартуға мүмкіндік берді», деді М.Пашимов. 

Ал облыстық бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Н.Нышанов Денсаулық сақтау министрлігінің эпидемиялық ахуалды бағалау көрсеткіштері бойынша Түркістан облысы «жасыл аймаққа» енгізілгенін айтты. Бүгінде облыс бойынша 1 – 19 қаңтар аралығында  COVID-19  расталған 231-жағдай тіркеліп, 100 мың халыққа шаққандағы интенсивтік көрсеткіш 11,4 болған.

 

 

Түркістан облысы