Елбасы • 19 Қаңтар, 2021

Елордада Елбасыға әртүрлі елдің дипломаттары сыйлаған экспонаттар көрмесі өтті

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының жаңа музейінде «Әсемдіктің, үндестік пен сұлулықтың нышаны» қор көрмесі ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Елордада Елбасыға әртүрлі елдің дипломаттары сыйлаған экспонаттар көрмесі өтті

Көрмеде техникасы мен пішіні жағынан алуан түрлі құмыраның елуден астам үлгісі ұсынылған. Ыдыстар фарфор, қыш, шыны, металдан жасалған. Олар Түркия, Қытай, Ресей Еуропа, Орта Азия, Жапония, Вьетнам, Малайзия және тағы да басқа елдердің мәдениетін сипаттайды. Аталған жәдігерлер Елбасы кітапханасы қорында сақтаулы тұрған құмыралар топтамаларының кішігірім бөлігі ғана.

«Ұсынылып отырған экспонаттар тек өнер жәдігерлері емес, олар Н.Ә.Назарбаевтың конвекторлы сыртқы саясаты мен республикамыздың халықаралық беделін айғақтайды. Әлем жұртшылығының Қазақстанға деген құрметі мемлекет және үкімет басшыларының, халықаралық ұйымдар мен дүниежүзілік компаниялар жетекшілерінің тарту еткен сыйлықтарынан көрініс тауып отыр. Көрмедегі кез келген құнды экспонат еліміздің халықаралық қарым-қатынас орнатудағы тарихы, Елбасының жеке тәжірибесі мен таптырмас саяси көрегендігінің дәлелі екені сөзсіз», дейді ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат.

86