Сырқат белгілері 5887 адамнан көрінген, ал 3746 адамның ауру белгілері сыртқа білінбеген. Барлық сырқаттың - 17% профилактикалық тексеру кезінде анықталған. 61% медициналық көмекке жүгінген адамдар арасында тіркелген. Қалған - 23% байланыста болғандар арасынан анықталды.
Өткен тәулікте 71 жағдай тіркелді, оның ішінде ауру белгілері бар 50 жағдай және ауру белгілері жоқ 21 жағдай. Бұл өткен аптаның бір тәулігімен салыстырғанда 36,5% - ға көп деген сөз. Осының өзі облыстағы сырқаттың ушығып бара жатқандығы себепті «қызыл зонаға» кіруге мәжбүрлеп отыр. Аудандар арасында ең көп – 10 сырқат тіркелген М.Жұмабаев ауданы. Петропавл қаласының өзінен 31 сырқатты адам тіркелген.
ПТР әдісімен зертханалық талдаулар эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 62 азаматтан және профилактикалық мақсатта әкелінген 2 азаматтан және эпидқадағалау мақсатында 7 азаматтан алынды.
Мамандардың сарабына қарағанда жаман індет барлық жастағылардан табылған. Соның ішінде 60 жастан асқандар ең көп - 28 пайызды құрап отыр. Олардың саны 2738 адам. 50 мен 59 жастағылар үлесі - 19%, саны 1813 адам. Ал 30 бен 39 жастағылар арасында сырқаттанғандар саны 1623.
Кәсіби жағына келетін болсақ, ең көп індетке ұшырағандар – жұмыс істейтіндер. Олардың үлесі – 34% немесе 3260 адам. Ал зейнеткерлер барлық сырқаттың – 25% құрайды. Жұмыс істемейтіндер арасынан 1626 адамның бойынан сырқат шыққан.
Сырттан кіргендер арасынан сырқатқа ұшырағандар саны көптеп табылуда. Соның ішінде, әсіресе Ресей Федерациясынан кіргендер арасынан ауруға ұшырағандар көп кездескен. 2020 жылдың 6 қазанынан 2021 жылдың 17 қаңтарына дейін Ресейден бері өткендердің жалпы саны 52566 адам. Соның ішінде 224 адамның бойынан сырқат шыққан. Ал 350 адамға қолында денсаулығы туралы 72 сағаттың ішінде алынған анықтама болмағандықтан шекарадан бері өтуге рұхсат берілмеген.
Қазір біздің облыста ПЦР зерттеу жасайтын 4 зертхана бар. Осы уақытқа дейін оларда– 232270. Соның ішінде – 4%, яғни 9633 адамның бойынан сырқат белгілері табылды.
Облыс басшылары мен дәрігерлер тұрғындарға сақтану шараларын мұқият сақтауды үнемі ескертіп отырады.
Солтүстік Қазақстан облысы