Спорт • 20 Қаңтар, 2021

Су добынан әйелдер командасы жеңіліп қалды

88 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Италияның Триест қаласында су добынан әйелдер командасы арасында Токио Олимпиадасына іріктеу турнирі басталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Су добынан әйелдер командасы жеңіліп қалды

Өкінішке қарай, Қазақстан командасы алғашқы ойында жеңіліп қалды.

«В» тобында сынға түскен қазақстандықтар тұсаукесер матчты Грекия құрамасына қарсы өткізген болатын. Аталған матчта қазақстандықтар 5:13 есебімен қарсыласқа жол берді.

Біздің құрама сапынан Анастасия Еремина, Дарья Рога, Айжан Ақылбаева, Виктория Хританковалар мергендігімен көзге түсті. Қазақстан командасы келесі ойынды Венгрия құрамасына қарсы өткізеді.

Кездесу ертеңге жоспарланған.