Экология • 20 Қаңтар, 2021

Балқашта ауа сапасы нашарлайды

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазгидромет 20 қаңтар күні Қазақстан қалаларында ауа сапасы қандай болатынын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz

Балқашта ауа сапасы нашарлайды

Сәрсенбі күні Қазақстанның бір қаласында – Балқашта қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластануы мүмкін.

Басқа шаһарларда метеоахуал – бірқалыпты.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.