«НҰРЛЫ ЖЕР» мемлекеттік бағдарламасы арқылы жүзеге асатын құрылыс 2021 жылдың қаңтар айында бастау алып, жыл соңында аяқталады деп жоспарланып жатыр.
Құрылыс жүргізілетін екі үйдің біреуі жалдамалы, екіншісі несиеге берілетін болады. Барлығы – 120 пәтерлі тұрғын үйдің ішінде 1 бөлмелі – 30, 2 бөлмелі – 60, 3 бөлмелі – 30 пәтер болады.
Жалпы, Аягөз ауданы бойынша бүгінде 1200 адам үй кезегінде тұр. 2020 жылы 140 отбасы баспанамен қамтамасыз етілген.