Қазақстан • 20 Қаңтар, 2021

Қуат Хамитов интернетке қосыла алмағандықтан сот отырысы кейінге қалдырылды

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аралас жекпе-жек файтері Қуат Хамитовтің соты кейінге қалдырылды. Адвокат Хамитовтің интернеті нашар болуына байланысты процесті кейінге қалдыруды сұрады. Ол Қуат Хамитовтың интернетке қосыла алмайтынын айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz

Қуат Хамитов интернетке қосыла алмағандықтан сот отырысы кейінге қалдырылды

Айта кетейік, сот Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында онлайн режимде өтіп жатыр. Қуат Хамитовтің өзі отырысқа қатысқан жоқ.

Адвокат интернет нашар болғандықтан процесті кейінге қалдыруды сұрады.
 
«Өте нашар байланыс, судья мырза. Хамитов қосыла алмады», деді адвокат.

Прокурор бұл процесті басты күдіктінің қатысуынсыз жүргізуге болмайтынын айтып келісті. Нәтижесінде отырыс кейінге қалдырылды. Келесі отырыстың уақыты әзірге белгісіз.

Айта кетейік, ҚР ҚК-нің 272-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен Қуат Хамитовке қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын.