Аймақтар • 20 Қаңтар, 2021

Қызылордада былтыр иттердің көмегімен 192 қылмыс ашылды

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысы Полиция департаментінің мамандары былтыр қызметтік-іздестіру иттері арқылы 192   қылмысты ашты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордада былтыр иттердің көмегімен 192 қылмыс ашылды

Бүгінде кинологиялық қызмет орталығында арнайы қызметтік-іздестіруге үйретілген 16 ит бар. Оларды 5  кинолог маман  баптап үйретуде. Иттердің із кесу, есірткі,  жарылғыш заттарды іздеу, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау  және одорология бағытында полиция қызметкерлеріне көмегі көп болып тұр.

Биыл 10 қаңтарда Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жедел тергеу тобы құрамында «Леон» атты итпен кезекшілікке түскен полиция қызметкерлері пәтер ұрыларын тап бастырмай ұстады.