Аймақтар • 20 Қаңтар, 2021

Түркістанда машина жасау саласына инвестиция тартылады

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев бастаған арнайы жұмыс тобы машина жасау саласына инвестиция тарту мақсатында Ресей Федерациясының Челябі облысына жұмыс сапарымен барып, "Урал" автомобиль зауытының өндірістік нысандарымен танысты.

Түркістанда машина жасау саласына инвестиция тартылады

Автомобиль зауыты мен "Урал" АЗ сауда үйі басшылығымен кездесу барысында Түркістан облысында "Урал" брендімен жүк автомобильдері мен арнайы техниканы құрастыруды ұйымдастыру мүмкіндігі талқыланды. "Көп жылғы тәжірибені, сондай-ақ автомобиль зауытының айрықша имиджін ескере отырып, біз оларды өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерімен танысу үшін Түркістан қаласына шақырдық. "Урал" компаниясының өкілдері жоғары қызығушылық таныта отырып, биыл ақпан айының екінші жартысында біздің өңірге жұмыс сапарымен келуге шешім қабылдады. Сонымен қатар Челябі облысы губернаторының орынбасары Ковальчук Егор Викторовичпен кездесу өткіздік. Үкімет мүшелерінің қатысуымен өткен жиын кезінде біз өңірлер арасында сауда-экономикалық қатынастар орнату мәселелерін ортаға салдық", дейді облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев.

1

Мамандар екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға және Челябі облысымен тығыз сауда-экономикалық қарым-қатынас орнатуға бағытталған сапар Түркістан өңірінде машина жасау саласының дамуына жаңа серпін беретінін айтуда.

Соңғы жаңалықтар