Аймақтар • 20 Қаңтар, 2021

Маңғыстау облысында жұмыссыздық деңгейі 5% құрады

638 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кез-келген мемлекеттің экономикалық дамуының негізгі тірегі – шағын және орта бизнес екендігі белгілі. Егер де кәсіпкерліктің дамуына жағдай жасалса еңбекпен қамту, ішкі нарықты отандық тауармен қамтамасыз ету және бәсекелестік ортаны қалыптастыруға кедергі жоқ.

Маңғыстау облысында жұмыссыздық деңгейі 5% құрады

Дамыған елдердің экономикалық көрсеткішінің 60-70% шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің даму деңгейімен өлшенеді. Маңғыстау өңірінде кәсіпкерлікті қолдау қандай деңгейде екендігі туралы тағайындалғанына 100 күн болған өңірлік «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Рашит Мұстапаев айтып берді.

Айта кету керек, еліміздің өнеркәсіп саласында Маңғыстау негізгі рөл атқарушы төрт аймақтың бірі. Мәселен, Қазақстан мұнайының 25% осы өңірде өндіріледі. Өткен жылға көз жүгіртер болсақ кәсіпорындар 732,8 млрд теңгеге өнім өндірген және республикада негізгі көрсеткіштер бойынша үшінші орынға тұрақтапты.

Елімізде кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған бірқатар мемлекеттік бағдарламалар қабылданғаны белгілі. Мәселен, Маңғыстау облысы бойынша өткен жылы «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасын іске асыруға 4 201,3 млн теңге мөлшерінде қаражат бөлінген болатын. Оның ішінде: несиелерді субсидиялауға - 3 551,8 млн теңге, ал несиелерді ішінара кепілдендіруге - 628,5 млн теңге, гранттық қолдауға - 21 млн теңге. Нәтижесінде 4 мыңнан астам жұмыс орны ашылған.

2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде 2020 жылға 1 902,4 млн теңге мөлшерінде қаражат бөлінді. «Бизнес-мектеп» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне 469 адам оқытылды. «Бастау» жобасы бойынша өңірдің 990 жұмыссыз бизнесті үйренуге оқытылды. Пандемия кезеңінде жоспарды орындау мақсатында оқыту онлайн режимінде жүргізілді. Адами капиталды дамыту мақсатында 3100 шағын және орта бизнес кәсіпорындарына сауалнама жүргізілген. Нәтижесінде 425 маманға қажеттілік бар екендігі белгілі болды. Маңғыстау облысында жұмыссыздық деңгейі 5% құрады.