Тағайындау • 20 Қаңтар, 2021

Алматыдағы метро басшысы тағы ауысты

209 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сағындық Телібаев Алматы метросының басшысы болып тағайындалды.Жаңа басшыны командаға қала әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыдағы метро басшысы тағы ауысты

 

Қала әкімдігі жаңа директор Сағындық Телібаев еңбек жолын метрополитенде «Алматыметроқұрылыс» АҚ қүрделі құрылыс басқармасының тау-кен техникалық инспекторы болып бастағанын хабарлады. Сонымен қатар, ол Алматы қаласы әкімдігінің «Метрополитен дирекциясы» МКК күрделі құрылыс бөлімінің тау-кен күрделі жұмыстары жөніндегі жетекші инженері, Алматы қаласы «Метрополитен» КМК техникалық бөлімінің техникалық құжаттама жөніндегі жетекші инженері болып қызмет атқарған.

Алматы әкімі жаңа басшының алдына бірқатар нақты міндеттер қойды: жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту, қауіпсіздік деңгейін арттыру, жолаушылар қатарын көбейту.

756

Бұған дейін метро директоры қызметін Айдын Оразханов атқарған. Метро қызметкерлері бұрынғы басшының қызыметіне шағымданған болатын. Олардың айтуынша, ол жұмысшыларды негізсіз жұмыстан шығарған. Бұл ақпарат БАҚ-та жариялағаннан кейін метро қызметінде тексеру басталып, көп ұзамай Айдын Оразхановтың жұмыстан босатылғаны белгілі болды.