Елорда • 20 Қаңтар, 2021

Қоғамдық көліктерде жол ақысын 4 тәсілмен төлеуге болады

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада қоғамдық көліктерде жол ақысын 4 тәсілмен төлеуге болады, деп хабарлайды Egemen.kz

Қоғамдық көліктерде жол ақысын 4 тәсілмен төлеуге болады

1.көлік картасын валидациялау;

2.2025 қысқа нөміріне SMS жіберу;

3.QR-код сканерлеу;

4.мобильдік қосымшада көлік кодын енгізу.

Transcard.kz сайтында атаулы жеңілдігі бар көлік картасына тапсырыс беруге болады. Үйге дейін жеткізу қызметі қолжетімді. Атаулы емес көлік картасын кез келген RTVM автоматынан, біздің кассаларымыздан, лезде толықтыру пунктерінен сатып алуға болады. Мекенжайлары парақшамыздағы "актуальное" бөлімінде немесе Transcard.kz сайтында бар.

SMS арқылы төлем үшін барлық байланыс операторлары қолжетімді.
QR-код көмегімен немесе көлік кодын енгізу арқылы келесі қосымшалармен төлем жасауға болады:

SMSBUS;

Homebank;

OYBY;

SENIM;

Plus24;

My Beeline;

Kaspi.kz;

Astrabus;

My Activ;

Рахмет.

SMS төлем сервисін өшіру бойынша тасымалдаушылармен және байланыс операторларымен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Байланыстың жиі болмауы тасымалдаушыларға үлкен шығын келтіреді және жолаушыларға ыңғайсыздық туғызады. SMS төлемді өшіру туралы шешім қабылданған кезде алдын ала хабарлаймыз.

Естеріңізге сала кетейік, қоғамдық көлікте төлемді көлік картасынан бөлек, QR-код арқылы төлеуге болады.