Тілді қарым-қатынас құралы деп қана емес, ішкі мәдениетің мен рухани бейнеңнің, тәлім-тәрбиең мен дүниетанымыңның айнасы деп бағалауға аса мән бере қоймауымыздан кейде опық жеп қалып жататынымыз бар. Германияда тұратын Айнұр Асқарқызы есімді қызымыз өзінің желідегі парақшасында: «Өзінің мінін көрмей, өзгеден мін іздеу әдетке айналып бара ма, қалай өзі. Біз қытайлар секілді көп xалық емеспіз. Кең-байтақ жеріміз болғанымен, сол кең жердің әр тұсында тарыдай шашылған аз ғана xалықпыз... Сонда да бір-бірімізге ауыр сөз айтып, жазықсыз айыптап, себепсіз кінәлап, жанталасып жатамыз. Соншама неге ішіміз толып кеткен? ...Бір-бірімізге мейірімді болайықшы!» деп ой тастапты.

Қазақтың қадірлі тұлғалары туралы соңғы уақытта аузына келген сөзді жария ете салатын әдет жиі қылаң беріп қалатын болып жүр. Ондайларға «өйтіңдер, бүйтіңдер» деп ақыл-кеңес айта бастаған адамның өзі сынға ұшырап, басы дауға қалатын жағдайға жеттік. Мәселе бүгінде көзі тірі адамдар туралы болса мейлі. Өкініштісі, қазақтың белгілі қайраткерлерінің, тарихи тұлғалардың өмірінен кір іздейтіндер табыла бастады. Аруаққа тіл тигізуден қаймыққан қазақтың баласы «Орыстар Пушкинді сынап жатқанда, біз неге Абайды сынамауымыз керек?» деген ойдың отын көсеп, кеудесін қоламтаға толтырып жүр. Жұрт жабылып біреуді мақтап жатса, екінші бір тұстан әлгі кісінің кемшілігін тізіп, еңбегін түкке тұрғысыз етіп тастайтын теріс пиғылдағы сын басын қылтитып шыға келеді. «Мақтап отырған тұлғаңның шынайы сиқын білгің келсе, міне» деп, аннан-мұннан естіген әртүрлі «деректерін» құрастырып, халық сыйлаған тарихи тұлғаның таудай биік бейнесін көз алдыңда әп-сәтте төбешікке айналдырып бере салады. Ондай пенделердің көкейін не тесіп тұрғанын іштей сезесің. «Міне, мен қандай мықтымын. Шыншылмын. Ақиқатты айтудан қорықпаймын. Қасаң ойды бұзып-жарып, адамдарды жаңаша ойлауға үндеп жатырмын» дегенді меңзегісі келгені. Өзін жұрттан ерекше ақылды, кемеңгер етіп көрсетпек ойы. Мұндайда шынайы иманның иесі атанған бұрынғы ата-бабаларымыздың айтар сөзін ой елегінен өткізіп барып көмейін бүлкілдетер дәстүрінен, «Сөйлемес бұрын үш нәрсе жайында ойлан. Олар: не айтатының, қашан айтатының және кімге айтатының» (Әбу Бәкір) деген қанатты қағидасынан арамыздың мұншалық алшақтап кетуіне не себеп деген ой мазалайды.
Негізі мұндай жағымсыз құбылыс негативке толы, өмірге өкпелі, кемсітіп-мұқатуға бейім жат пиғылдағы жандардың бойынан жиі байқалатын көрінеді. Үнемі өзгенің кемшілігін теріп, өштесу мен қастандыққа құрылған сынның иесі қарсы тараптағы адамның жеке өміріне қол сұғып, жанына жара салып жатырмын деп ешқашан ойламайды. Ал енді біреулер өзіне жақпай қалған, ұнатпаған жандарды сынап-мінегенде тіпті өздерінің кім екенін, кешегісін естен шығарып алып жатады. Өзі қаншалықты адал, қаншалықты әділ? Жалпы, өмірде судан таза, сүттен ақ пенде бар ма? Өзгені сынау үшін адам алдымен өзіне қарап алуы керек емес пе? Қазақтың «Пышақты өзіңе сұқ, ауырмаса өзгеге сұқ» деген сөзі дәл осындайда айтылса керек-ті. Қоғамдық орындарда, базарларда, көлікте, әлеуметтік желіде бір-бірін танымайтын бейтаныс жандар өзара қырқысып, дауласып жатады. Ауыр-ауыр сөздер айтылады. Жолдары ешқашан қиыспайтын айдаладағы жандар неге бүйтеді? Түсініксіз. Сосын өмірде ешкім, ешнәрсе ұнап көрмеген адамдар кездеседі. Олардың жазғандарын оқи бастасаң, жарық дүниеге емес, қара түнекке түсіп кеткен сияқтысың.
Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм): «Адамдар құрдымға кетті деген кісінің өзі құрдымда» деген. Дүниені қандай түспен қабылдау адамның жүрек көзіне байланысты екен. Ар-ұждан мен жүрек тазарған сайын кісі барлық нәрсені дұрыс көре бастайды дейді. Әрдайым өзгелердің бойынан кемшілік іздеп, мін табуға тырысушылық жақсылыққа апарып соқтырмайтынын ескертеді. Орынсыз сынға ұшыраған тағдырлардың бақытсыздыққа ұрынып, кейде қиянаттан ерте көз жұматыны тағы бар. Сондықтан әр адам біреуді сынамас бұрын одан кімге қандай пайда мен зиян келетінін елеп-екшеп алғаны абзал дер едік. Сын шын болмаса, адамдар арасындағы қарым-қатынас, сыйластық сымбаты бұзылады дейді. Өкпе-ренішке бой алдырады. Ондай сын кімге керек? Бірақ бұл қоғамдағы келеңсіздіктермен күресу үшін сынның пайдасы жоқ, ешкімді сынауға болмайды деген сөз емес.
Қазақстан елшісі Аустрияның Федералдық Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Саясат • Бүгін, 10:29
Нұр-Сұлтанда 2021 жылы тақырыптық саябақтар пайда болады
Аймақтар • Бүгін, 10:26
Василий Левит француз боксшысын жеңіп, Испаниядағы турнирдің жартылай финалына шықты
Спорт • Бүгін, 10:23
2020 жылы Қазақстанда 48 ірі сүт фермасы іске қосылды
Қазақстан • Бүгін, 10:20
Түркістаннан ұшатын алғашқы халықаралық рейстерге билет сатыла бастады
Аймақтар • Бүгін, 10:06
Мемлекеттік комиссия кәсіпкерлерді қолдау бойынша шұғыл шаралар топтамасын мақұлдады
Үкімет • Бүгін, 10:04
Экономика • Бүгін, 10:01
Ақпан айында ЭЕБ-дағы бос орындар саны 5,3 мыңға өсті
Қоғам • Бүгін, 09:56
Жаяуларды сыйламайтындар енді оңай жазаланады
Аймақтар • Бүгін, 09:52
Римдегі жарыстың алғашқы күні жеті жүлде алдық
Спорт • Бүгін, 09:50
Еліміздің 7 өңірінде көлік қозғалысына шектеу қойылды
Ауа райы • Бүгін, 09:43
Түркияда тікұшақ апатынан қаза тапқандар саны 11-ге жетті
Әлем • Бүгін, 09:40
Елордада оқушылар мен студенттер қашықтан оқиды
Білім • Бүгін, 09:25
Аймақтар • Бүгін, 09:23
Қазақстанда тағы 840 адам коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:20
Бір тәулікте пневмонияның 44 жағдайы тіркелді
Қазақстан • Бүгін, 09:15
Мемлекеттік қолдау - кәсіпорындардың дамуына жол ашады
Аймақтар • Бүгін, 09:12
Өткен тәулікте қанша адам вирус жұқтырғаны белгілі болды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Руханият • Бүгін, 08:39
Қоғам • Бүгін, 08:39
Шетелдік жанкүйерлер қатыспайды
Спорт • Бүгін, 08:37
Әлем чемпионаты Алматыда өтеді
Спорт • Бүгін, 08:36
Спорт • Бүгін, 08:35
Қоғам • Бүгін, 08:23
Қоғам • Бүгін, 08:19
Қоғам • Бүгін, 08:17
Қоғам • Бүгін, 08:16
Аймақтар • Бүгін, 08:14
Руханият • Бүгін, 08:09
Алтын қолды батыр апай ауыл ауруханасында еңбек етеді
Аймақтар • Бүгін, 08:07
Аймақтар • Бүгін, 08:06
Қоғам • Бүгін, 08:05
Қоғам • Бүгін, 08:04
Руханият • Бүгін, 08:02
Аймақтар • Бүгін, 08:01
Озық қоғам құруда орны айрықша қыздар
Қоғам • Бүгін, 07:57
Руханият • Бүгін, 07:54
Руханият • Бүгін, 07:51
Қазақ сөзінің барынша дұрыс таңбалануына мүдделіміз
Қоғам • Бүгін, 07:50
Жазуымыз да, дыбысымыз да қазақтықпен көмкеріледі
Руханият • Бүгін, 07:48
Руханият • Бүгін, 07:46
Ғылымды дамытуға соны серпін беріледі
Парламент • Бүгін, 07:45
Аймақтар • Бүгін, 07:44
Құрқылтайдың ұясы немесе ізгілік иесі
Қоғам • Бүгін, 07:43
Өсімдік әлеміне өмірін арнаған жан
Қоғам • Бүгін, 07:42
Руханият • Бүгін, 07:41
Өзгерістер дәуірінде өмір сүру қуанышы
Руханият • Бүгін, 07:40
Руханият • Бүгін, 07:38
«Ел боламын десең, демографияңды түзе!»
Қоғам • Бүгін, 07:34
Түркияда тікұшақ апатқа ұшырады
Әлем • Кеше
Хоккей • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
«Құрманжан датқа» қандай фильм?
Руханият • Кеше
Балуандарымыз Римдегі жарысты тамаша бастады
Күрес • Кеше
Қостанай облысында кеніш жүк көліктерін әйелдер жүргізеді
Аймақтар • Кеше
Тәуелсіздік көшесінің тұрғындары тізеден балшық кешіп жүр
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 30 млн дана тал егіледі
Аймақтар • Кеше
«Париж-Ницца» көпкүндігіне қатысады
Спорт • Кеше
Теннис • Кеше
Теңге тұрақты: Баға неге өсе береді?
Қаржы • Кеше
Президент Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысты
Президент • Кеше
Сенаторлар ТМД ПАА іс-шараларына қатысты
Қазақстан • Кеше
Түлектер күнінің дайындығы талқыға түсті
Білім • Кеше
Еділ суын алуға қосымша қаражат қарастырылады
Үкімет • Кеше
Алматы дәрігерлері қаңтарда 1,77 млрд теңге үстемақы алды
Медицина • Кеше
Ұқсас жаңалықтар