Кейбір кент тұрғындарының ауласынан шыққан қоқыстарды есігінің алдына шығарып, әр электр бағаналарының түбіне тастап кетуді әдетке айналдырғаны жасырын емес. Әйтеке би кентінің әкімі Қайрақбай Орынбасаров түсіндірме жұмыстарын жүргізілсе де, көшеге қоқыс тастаушылардың қатары азаймай отырғанын айтады. Тіпті аудандық полиция қызметкерлерімен бірлесіп рейдтер де ұйымдастырылып, тәртіп бұзған тұрғындарға айыппұл да салынды.
Жақында аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың тапсырмасына сәйкес Әйтеке би кенті бойынша Жанқожа батыр және Р.Бағланова көшелерінің бойына қоқыс тастауға арналған контейнерлер орналастырылды.