Қазақстан • 21 Қаңтар, 2021

Қоғам қайраткері Наталья Тукалевская «Құрмет» орденімен марапатталды

8 рет көрсетілді

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Қазақстан Республикасының Диабеттік ағарту қорының атқарушы директоры Наталья Тукалевскаяға «Құрмет» орденін табыстады. Марапаттау рәсімі министрдің Алматыға жұмыс сапары кезінде өтті.

Аида Балаева: «Құрметті Наталья Николаевна! Мен үшін бұл орденді Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл толу жылында тапсыру үлкен мәртебе. Сіз ұзақ жылдар бойы Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдардың қалыптасуы мен дамуына орасан зор үлес қосып келе жатқан адамсыз. Диабетикалық ағартудағы маңызды жобалардың авторы мен қоғамдық бірлестіктің жетекшісі ретінде Сіздің әлеуметтік мәселелерді шешудегі еңбегіңіз баршаға үлгі. Сондықтан, бұл марапат жанқиярлық еңбек пен таңдаған іске деген адалдықтың, адамдардың игілігі үшін адал жұмысыңызға деген бағаның белгісі болып табылады», - деді өз сөзінде.

Министр Президенттің қоғамдық ұйымдардың рөлін, олардың мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара-әрекеттесуін дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалайтындығын баса айтты.

Еске сала кетейік, Наталья Тукалевская - ұлт денсаулығын сақтау саясатын жүзеге асыруға белсенді ықпал ететін, қант диабетімен байланысты білім беру мәселелерімен айналысатын және қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатысатын қоғам қайраткері.

«Қант диабетінің сұрақтарымен 26 жыл айналысып келемін. Мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелевич Тоқаевқа ризашылығымды білдіргім келеді.Орденді алу маған мәртебе, сонымен бірге, бұл маған ғана емес, бүкіл диабетикалық қозғалысына берілген баға деп қабылдаймын. Біз әрқашан дәрігерлермен бірге болдық. Бүгінде біздің дәрігерлер алдыңғы қатарда, ал осындай уақытта марапатқа ие бұл үлкен мәртебе екені сөзсіз», - деді Наталья Тукалевская.

Соңғы жаңалықтар

Ертісте балықтар қырылып жатыр

Экология • Бүгін, 16:00

2021 жылғы ораза кестесі

Қоғам • Бүгін, 15:45

Елге керек екі кітап

Руханият • Бүгін, 08:52

«Ғарышқа апарар жол»

Руханият • Бүгін, 08:50

Алғашқы ғарыш айлағы

Оқиға • Бүгін, 08:48

Сананы өзгертудің тиімді тетігі

Руханият • Бүгін, 08:36

Тарихи жерлердің тағылымы бөлек

Руханият • Бүгін, 08:30

Ширек финалда сүрінді

Теннис • Бүгін, 08:11

Ұқсас жаңалықтар