Қазақстан • 21 Қаңтар, 2021

«Вакцинадан соң қайтыс болды»: Оқиғаға қатысты министрлік түсініктеме берді

445 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Желіде тарап жатқан хабарламада Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Батыр ауылының тұрғыны вакцина салдырып, кейін қайтыс болғаны айтылады.

«Вакцинадан соң қайтыс болды»: Оқиғаға қатысты министрлік түсініктеме берді

«Асқар Төңгеұлы бауырымыз вакцина салғаннан қайтыс болыпты! Вахтаға кетер алдында КВИ тестен өтіп және вакцина салдырған көп ұзамай қайтыс болған. Асқар бауырымыздың туғандарына қайғырып көңіл айтамын!», - делінген хабарламада.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев осы хабарламаға пікір білдірді.

«Биыл 19 қаңтарда 1978 жылғы ер адамның қан қысымы жоғарылап, салдарынан қайтыс болған. Ол ешқандай вакцинация алған жоқ»,  деді Е. Байтанаев.

Оның айтуынша, короновирусқа қарсы вакцина Маңғыстау облысына жеткізілмеген. Вакцинаның бірінші партиясын аймаққа жеткізу 28-29 қаңтарға жоспарланған.