Қазақстан • 21 Қаңтар, 2021

«АntikorLive» - қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға арналған онлайн-алаң

110 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«АntikorLive» - парасаттылық идеологиясын түсіндіруге және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға арналған онлайн-алаң.

«АntikorLive» - қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға арналған онлайн-алаң

«AntikorNews» онлайн-брифингі барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Серіктестік департаменті директорының орынбасары Перизат Сәдуақас: «Агенттіктің «АntikorLive» медиа-жобасы парасаттылық идеологиясын түсіндіруге және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Бұдан бөлек, жоба аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекет саясатының түрлі аспектілері үнемі жарияланып отырады» - деп мәлімдеді.

«AntikorLive» жобасының аудиториясын танымал әлеуметтік желілер мен видеохостингтердің оқырмандары құрайды. «Тікелей эфирлер» белгіленген уақытта орталық және жергілікті атқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор өкілдерінің, сондай-ақ қоғамдық пікір көшбасшыларының қатысуымен сұхбат, блиц, дәріс форматында өтеді.

Жобаның эфирлері БАҚ-та жарияланады, эфир барысында спикерлер азаматтардың сұрақтарына өз жауаптарын береді. Кейбір тақырыптар қоғамдық резонансқа ие болады, осылайша мемлекеттік органдардың назарын проблемалық мәселелерге аударады.

«Жалпы, 2020 жылы «AntikorLive» жобасы аясында 150 спикердің қатысуымен 139 тікелей эфир өтті. Өңірлер 4 500-ден астам спикердің қатысуымен 5,5 мың тікелей эфир өткізді. Жалпы қаралым саны шамамен 4 миллионды құрады. Былтыр Агенттік алаңындағы «AntikorLive» жобасына Президенттің кеңесшілері Бағдат Мусин, Олжас Құдайбергенов, ҚР Тұңғыш Президенті Қорының Атқарушы Директорының орынбасары Игорь Рогов, Бала құқығы жөніндегі уәкіл Аружан Саин, танымал режиссер Нұртас Адамбай, блогерлер Ғалым Байтук, Аида Жексен, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ерсұлтан Бектұрганов, Павел Казанцев, Бақытбек Смағұл, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, сонымен қоса басқа да қоғам өкілдері қатысты» - деді спикер.

Жалпы, есептік кезеңде Агенттік жергілікті атқарушы органдармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпқа арналған 3,5 мыңнан астам билбордтар мен баннерлер, 1 100-ден астам бейнеролик, 400-ге жуық аудиоролик дайындады.