«AntikorNews» агенттіктің БАҚ-пен және жұртшылықпен өзара іс-қимылының маңызды құралы ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы контенттің үздіксіз онлайн көрсетілімін қамтамасыз етіп, сондай-ақ Антикор қызметінің нәтижелері мен басымдықтары туралы жедел хабарлайды.
П.Сәдуақастың айтуынша, мемлекеттік және орыс тіліндегі «AntikorNews» жаңалықтары алдын алу шараларына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға, агенттіктің қоғамдық алаңдағы жұмысына қатысты мәселелердің кең ауқымын қамтиды (мысалы, «Адалдық алаңы», Арнайы мониторинг тобы, Республикалық ақпараттық-ағарту штабы, «Сапалы жол», «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы», «Адал көмек», «Саналы ұрпақ» және т.б.).
Ол апта сайын агенттіктің ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі аккаунттарында жарияланып, өңірдегі барлық телеарналардан көрсетіледі.
2020 жылы Орталық аппарат Сыбайлас жемқорлықтың қызметіне туралы «AntikorNews»-тің 40 шығарылымын, аумақтық департаменттер 650 шығарылымын әзірледі.
Спикер бұл жобаның азғана уақыт аралығында нәтиже беріп, сұранысқа ие болғанын, оның тұжырымдамасына тіпті Иордания Корольдігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиясының қызығушылық танытып, өз ведомстволарында осындай жобаны енгізуді жоспарлап жатқандығын ерекше атап өтті.
«Сондай-ақ «AntikorNews» жобасының аясында 60-қа жуық брифинг өткізіліп, 130-ға жуық жедел түсірілім және БАҚ-та 6,2 мыңнан астам материал жарияланды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзекті тақырыптар бойынша аумақтық департаменттер де апта сайын өздерінің баспасөз брифингтерін ұйымдастырды. Былтыр 800-ден аса спикердің, сондай-ақ облыс әкімдерінің (98 шара) қатысуымен 587 брифинг өткізілді», деді Перизат Сәдуақас.