Әлем • 21 Қаңтар, 2021

Садыр Жапаровтың ұлықтау рәсімі 28 қаңтарда өтеді

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғызстан президентінің міндеттерін атқарушы, Жогорку Кенеш төрағасы Талант Мамытов «Қырғызстан республикасының қайта сайланған президентінің қызметке кірісуіне байланысты салтанатты рәсімге дайындалу және өткізу туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Egemen.kz «Кабар» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Садыр Жапаровтың ұлықтау рәсімі 28 қаңтарда өтеді

Жарлыққа сәйкес, жаңадан сайланған президенттің қызметке кірісуіне байланысты 2021 жылдың 28 қаңтарында өтетін салтанатты рәсімге даярлық және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті құрылды. Кеше ҚР Орталық сайлау комитеті Қырғызстан республикасы президентін мерзімге дейін сайлау қорытындылары туралы хаттаманы бекітті.

Дауыс беру қорытындыларына сәйкес, ҚР президенті қызметіне кандидат Садыр Жапаров 1 105 248 (79,20 пайыз) дауыс жинады, бұл сайлауға қатысқан сайлаушылардың жартысынан көбін құрап отыр.