Президенттің міндетін атқарушы – Жогорку Кенеш (Парламент) төрағасы Талант Мамытов Садыр Жапаровтың премьер-министр өкілеттігін тоқтату туралы жарлыққа қол қойды. Сонымен қатар, министрлер кабинеті де отставкаға кетті.
Министрлер кабинетін отставкаға жіберу туралы шешімді Садыр Жапаров ОСК дауыс беру қорытындыларын ресми жариялағаннан кейін қабылдады.
Елдің алтыншы президентін ұлықтау рәсімі 28 қаңтарда өтеді.
Айта кетейік, Қырғызстандағы мерзімінен бұрын президенттік сайлау Қазақстандағы парламенттік сайлаумен бір күні – 10 қаңтарда өтті.