Білім • 21 Қаңтар, 2021

Ақтауда орыс тілінде сабақ беретін мұғалімдер жетіспейді

345 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтау қаласында орыс тілінде сабақ беретін мұғалімдер жетіспейді. Аталған мәселе қаладағы 25 мемлекеттік, 8 жекеменшік және 1 кешкі мектепті түгелдей қамтып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Ақтауда орыс тілінде сабақ беретін мұғалімдер жетіспейді

Мектептердің көбінде бастауыш сынып, физика-математика, орыс тілі мен әдебиеті бойынша 2-3 орын бос тұр. Қалалық білім бөлімі зейнетке шыққан ұстаздарға және қазір жұмыс жасап жүрген мұғалімдерге қосымша сағат жүктеме беру арқылы тығырықтан шығуға тырысып жатыр. Сондай-ақ өзге аймақтардан ЖОО бітірген жас мамандар шақыртумен келіп жатыр.

«Қаламызға, өңірімізге жақын батыс аймақтардан мұғалімдерді шақырту жұмыстары былтырғы оқу жылынан бері жүргізіліп келе жатыр. Былтырдың өзінде 25 маман шақыртылды. Биылғы оқу жылында сол 25 маман білім бөліміне қарасты дамыту орталығы балансындағы 31б шағынаудан 25-ғимараттағы жатақханаға орналастырылды. Бұл жұмыс іс-шара жоспарына сәйкес әрі қарай жалғасады», дейді Ақтау қалалық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Бағдат Тұрғанбаева.

Болашақ ұстаздарды қолдау шаралары биыл да жалғасады. Өткен жылы Маңғыстау облысы әкімінің грантымен 39 жас түлек жоғары оқу орнына түссе, оның 16-сы педагогика мамандығын таңдаған.