Бүгін, 2021 жылы 21 қаңтарда Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның қазақстандық телевизияда отандық контентті дамыту бойынша жас режиссерлермен кездесуі өтті.

Аида Балаева жастарға министрліктің қазақстандық телевизиядағы сапалы контентті дамыту бойынша, оның ішінде қоғамды мазалайтын және ерекше идеологиялық маңызы бар өзекті тақырыптарға арналған сериалдар, деректі фильмдер, арнайы бағдарламалар жасау бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары туралы айтты.
«Біздің министрлік мемлекеттік тапсырыстың және мемлекеттік ақпараттық тапсырыс шеңберінде жыл сайын елуге жуық телехикаялардың түсірілімін қамтамасыз етеді; ал деректі фильмдердің саны жүзден асады. Олардың кейбіреулері көрермендер арасында танымал болса, көпшілігінің сапасы, өкінішке қарай, сын көтермейді», - деді министр.
Сонымен қатар, министр Министрліктің алдағы 2022 жылы түсіретін телесериалдар мен деректі фильмдерінің үздік сценарийлерін дайындауға байқау жариялап жатқанын атап өтті. «Оның негізгі тақырыптары министрліктің сайтында жарияланатын тақырыптық жоспарлар тізімінде көрсетілген», - деді Аида Балаева.
Жалпы, министрмен кездесуге отандық қызықты жобаларды құруда тәжірибесі бар 29 жас режиссер қатысты. Аида Балаева жас режиссерлерді дәл осы 2021 жылы министрлікке және мемлекеттік телеарналарға сериалдар мен фильмдердің жаңа сценарийлерін ұсынуға шақырды.
Іс-шараға қатысушылар министрлікке қазақстандық телевизияда ерекше, қызықты және сапалы контент құруда жаңа жобалар ұсынуға ниеттері мен дайындықтарын білдірді.
Алматыда жауын-шашын салдарынан көліктерді ағаш басып қалды
Аймақтар • Кеше
Көктемдегі ҰБТ 10-наурызда басталады
Білім • Кеше
Алматыда «Жыл құсы-2021» көрмесі басталды
Өнер • Кеше
Екі-ақ төрті бар екен, қалғанының бәрі бес...
Аймақтар • Кеше
Әр сала үздіктеріне құрмет танытты
Аймақтар • Кеше
Алматы тауларында қар көшкіні жүреді
Экология • Кеше
Жаңа маусымда жергілікті ойыншыларға сенім артты
Аймақтар • Кеше
«Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы жарияланды
Қоғам • Кеше
Алдағы 9 наурызда Бас санитардың жаңа қаулысы күшіне енеді
Медицина • Кеше
Атырауда түрмедегілер туысымен екі тәулікке кездесе алады
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Алматыда гашиш сатқан азамат ұсталды
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар