Қоғам • 21 Қаңтар, 2021

FlyArystan наурызда бес жаңа әуерейсін іске қосады

120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

FlyArystan лоукостері 2021 жылы наурызда бес жаңа әуерейсін іске қосуды жоспарлап отыр. Ақтау, Атырау және Шымкенттен тікелей рейстер қолжетімді болады, деп хабарлайды Egemen.kz әуекомпанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

FlyArystan наурызда бес жаңа әуерейсін іске қосады

Әуекомпания өкілдерінің айтуынша, олардың әуефлоты таяуда сегізінші Airbus A320 ұшағымен толығады. Бұл бағыттар желісін кеңейтуге және жаңа 5 бағыт ашуға мүмкіндік береді.

Әуе компанияға сегізінші Airbus A320  қосылуымен FlyArystan бағдарлар желісі кеңейді.

Жаңа бағыттар бойынша билет сатылымы ашық:

Шымкент – Семей небәрі 7999 теңгеден (2 мамырдан бастап, дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері);

Ақтау – Қызылорда 7999 теңгеден (17 наурыздан бастап, сәрсенбі және жексенбі күндері);

Шымкент – Ақтөбе 8999 теңгеден (1 мамырдан бастап, сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері);

Атырау – Түркістан 8999 теңгеден (28 наурыздан бастап, жұма және жексенбі күндері);

Шымкент – Орал 10999 теңгеден бастап (1 мамырдан бастап, сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері).

Еске салайық, лоукостер осыған дейін COVID-шектеулеріне байланысты тоқтатылған тоғыз бағытты қалпына келтірген болатын. Осылайша, 34 бағыт бойынша билеттер сатылымы 2021 жылдың 31 қазанына дейін ашық.