Футбол • 21 Қаңтар, 2021

Футзалдан Чемпиондар лигасының жеребесі тартылды

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Футзалдан Чемпиондар лигасының жеребесі тартылды

Алматының «Қайраты» бұл межеде Румынияның «Юнайтед Галац» клубымен күш сынасады. Ал «Ақтөбе» Словенияның «Добовецімен» сайысқа түседі. Бұл бәсекелер 16-21 ақпан аралығында өтеді.

Осы сынақтан сүрінбей өткен командалар айтулы доп додасының финалдық ойындарына жолдама алады. Шешуші сындар 28 сәуір мен 3 мамыр аралығында Беларусь елінің астанасы – Минскіде ұйымдастырылады.

1/8 финалдық сайыстарының өзге жұптарын мына клубтар құрады:
«Интер» (Испания) – «Херсон» (Украина);
«Олмиссум» (Хорватия) – КПРФ (Ресей);
«Бенфика» (Португалия) – «Береттьоуйфалу» (Мажарстан);
«Югра» (Ресей) – «Витис» (Литва);
«Барселона» (Испания) – «Аньер-Вильнев» (Франция);
«Спортинг» (Португалия) – «Хрудим» (Чехия).