Аймақтар • 21 Қаңтар, 2021

Биыл шалғай өңірлерде 13,9 шақырым жол жөнделеді

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында «Кіші қалаларды дамыту» бағдарламасы аясында бюджеттен 1 350,9 млн теңге бөлініп, бұл қаржыға 13,9 шақырым жол жөнделеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Биыл шалғай өңірлерде 13,9 шақырым жол жөнделеді

Мәселен, Арал қаласында 5 ірі көше қайта жаңартылады. Сондай-ақ осы шаһардағы Әйтеке би көшесіне жол салынады. Мұнан бөлек, Қазалы қаласындағы көшелерді қайта жаңарту жұмыстары басталады.

Өңірде «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы қайта жалғасады. Өткен жылы 8 елді мекенде 60 инвестициялық жоба қабылданып, ауыл-ауылдарда жол жөнделген. Нәтижесінде 3278 тұрғын үйге сервистік су желісі жүргізіліп, 23,2 шақырым ауылішілік көшелерге жарық орнатылып, 68,6 шақырым көше жөндеуден өткен. Ал, биылғы жылы республикалық бюджеттен 9 жобаға қаржы бөлініп, Қазалы, Қармақшы, Сырдария, Жалағаш аудандарының елді мекендегі көшелер жөндеуден өтеді.