Коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегімен «қызыл аймақта» «қонақтаған» өңірде қауіпті індеттің қаупі қайта күшейіп тұр. Облыстық санитарлық-эпидемиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен жылғы 28 наурыздан биылғы 20 қаңтарға дейін коронавирус инфекциясының 15 186 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 4210 науқаста қауіпті вирустың симптомды түрі бар. Ал 10 976 науқас симптомсыз түріне шалдығып отыр.

Коллажды жасаған Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»
Әсіресе Атырау қаласы мен Жылыой ауданындағы «Теңіз» кенішінде індетті жұқтырушылар қатары күн сайын көбейіп жатыр. Қазір облыс орталығында – 6 369, Жылыой ауданында 6 708 науқас тіркелген. Ал «Теңіз» кен орнындағы мердігер мекемелердің 5 467 жұмысшысы, Жылыой ауданының орталығы Құлсары қаласында 1 241 науқас бар. Сондай-ақ Индер ауданында – 406, Исатайда – 262, Қызылқоғада – 487, Құрманғазыда – 385, Мақатта – 310, Махамбет ауданында 259 адамның қауіпті індеттің «құрығына» ілінгені белгілі болып отыр.
Осы деректің өзінен коронавирус инфекциясының мұнайлы өңірдегі ауданның бәрінде таралғанын байқауға болады. Мәселен, 20 қаңтардағы мәліметке қарағанда, тағы 82 адамнан коронавирус анықталды. Науқастардың арасында Атырау қаласынан 16 адам бар. «Теңіз» кенішінде – 58 жұмысшы, Құлсары қаласынан – 3 , Индер ауданынан – 1, Қызылқоғадан – 1, Құрманғазы ауданынан 3 адам коронавирусқа шалдыққан. Оның ішінде 11 адам денсаулық жағдайына байланысты медициналық көмекке жүгінсе, 63 науқастан COVID-19 скринигтен өту кезінде табылыпты. Сондай-ақ 8 адам қауіпті вирус жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған екен.
Дегенмен облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов эпидемиялық жағдайды тұрақты деп есептейді. Әкімнің айтуынша, өткен аптада коронавирус инфекциясының 564 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 379 жағдай, яғни 67 пайызы «Теңіз» кен орнындағы вахталық қалашықтарда анықталды. Облыста тіркелген індеттің 81 пайызы, сонымен қатар «Теңіз» кен орнында анықталған жағдайдың 89 пайызы симптомсыз саналады. Репродуктивтік индексі 1,01 пайызды құрайды. Қазір облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысымен «Теңіз» кен орнындағы карантин мерзімі ұзартылып, шектеу шаралары күшейтілді.
– Өңірде 1 933 инфекциялық төсектік орын әзірленді. Ауруханаларда 4 МРТ, 12 компьютерлік томография, 27 рентген, 267 өкпені жасанды желдету аппараттары, 669 оттегі концентраты, 1 514 пульсоксиметр, 6 оттегі стансасы, 113 жедел медициналық жәрдем көлігі, 7 жылжымалы медициналық кешен бар. Коронавирус пневмониясы мен ЖРВИ-мен сырқаттанған науқастарға амбулаторлық деңгейдегі медициналық көмекті 126 мобильді топ көрсетіп отыр. Барлық медициналық мекемеде жеке қорғаныш құралдарының 2 айлық қоры бар. Сондай-ақ тәулігіне 7 мыңға жуық зерттеу жүргізетін 11 ПТР зертханасы жұмыс істеп тұр. Індет басталғаннан бері облыста 575 мың зерттеу жүргізілді. Соңғы аптада орташа тәуліктік көрсеткіш 3 975 тестіні құрады. Биылғы қаңтарда жүргізілген ПТР зерттеулердің саны өткен жылдың желтоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда 23 пайызға артып отыр, – дейді М.Досмұхамбетов.
«Қызыл аймақтағы» Атырауда коронавирус инфекциясы неге өрши береді? Әрине бұл сауал жергілікті атқаушы билікті ғана емес, тұрғындарды да мазалайтыны даусыз. Дәрігерлердің айтуынша, бұған жасырын өткізілетін отбасылық шаралардың әсері тиіп отыр. Осы орайда Үкімет жанындағы коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметіне сүйенсек, биылғы 1-10 қаңтарда мобильдік топтар 903 рейд жүргізіп, 3 769 нысанды тексерді. Рейд кезінде санитариялық-эпидемиялық, карантиндік шектеу талаптарын бұзудың 28 дерегі анықталды. Мәселен, Қызылқоға ауданында отбасылық іс-шараларды өткізуге тыйым салынғанына қарамастан, осы күндері екі үйлену тойы өткізіліпті. Ал Атырау қаласында бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес қызметіне тыйым салынған «Регионбет» лото клубы келушілерді жасырын қабылдағаны белгілі болды.
Сондай-ақ Жылыой ауданындағы «Теңіз» вахталық қалашығында бетперде режімін сақтамаудың 2, бекітілген жұмыс режімін бұзудың 1 дерегі анықталды. Осындай дерекке қатысты 22 материал әлі қаралып жатыр. Мобильді топтар мен жергілікті полиция департаментінен түскен материалдарға қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіндегі 425-бабының 1-бөлігіне сәйкес жалпы сомасы 547 975 теңгенің 6 айыппұлы салынды.
Қазір Ресей Федерациясымен шекарадағы Құрманғазы ауданында санитарлық-карантиндік бекет жұмыс істейді. Мұнда тәулік бойы адамдардың ел аумағына кіруіне мониторинг жүргізіледі. Сондай-ақ шекарадан анықтамасы жоқ Қазақстан азаматтары ПТР-тесттен өтеді. Карантиндік шектеу шаралары енгізілгеннен бері Атырау облысына 18 526 адам келген. Шекарадан өтушілерге 2 128 ПТР зерттеу жүргізілді. Соның нәтижесінде Сovid-19 инфекциясының 9 жағдайы анықталды. ПТР-тест өткізу үшін карантиндік стационарларға еліміздің 273 азаматы орналастырылды. Ел аумағына 246 шетелдік азамат жіберілген жоқ.
Аталған бекеттен соңғы бір тәулікте Қазақстанның 82 азаматы өткен. Оның ішінде 17 жаяу жүргінші, жүк көліктерінің 65 жүргізушісі бар. ПТР-тест жасалған 11 адамда зерттеу қорытындысы теріс нәтиже көрсетіпті. Алайда Ресей Федерациясының бір азаматында ПТР-тест нәтижесі туралы анықтамасы болмаған. Сол себептен оған шекарадан өтуге тыйым салынды.
Атырау облысы
Алматыдағы перзентханада бір әйел қайтыс болды
Қоғам • Бүгін, 16:21
Қызылордада мұғалімдерге вакцина салынып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 16:09
Әскери полиция органдары туралы заң жобасы әзірленді
Қоғам • Бүгін, 15:57
Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша орталықтар ашылады
Қазақстан • Бүгін, 15:50
Қылмыстық іс: Өскемендік тәрбиеші балаларға зәбір көрсеткен
Аймақтар • Бүгін, 15:40
Алматы коронавирус бойынша «сары» аймақта
Аймақтар • Бүгін, 15:34
Электронды еңбек биржасында сервистер жетілдірілді
Технология • Бүгін, 15:33
Оралда 17 жастағы жігіт көпірден секірді
Аймақтар • Бүгін, 15:18
Қарағандыдағы көпқабатты үйдің кіреберісінен тастанды нәресте табылды
Қоғам • Бүгін, 15:17
Алматы облысында 30 млн теңгенің жылқысын ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 15:13
ШҚО тұрғыны пәтерінде оқ-дәрі сақтаған
Аймақтар • Бүгін, 15:05
Шахтада екі жұмысшыны топырақ басып қалған
Оқиға • Бүгін, 15:03
Аң аулау ережесін бұзғандарға қандай жаза қолданылады?
Қазақстан • Бүгін, 14:57
Қыздар университетінің ғалымдары 51 млн теңгенің грантын ұтты
Аймақтар • Бүгін, 14:55
Алматылық студенттер республикалық байқаудың жеңімпазы атанды
Аймақтар • Бүгін, 14:52
Каратэден Қазақстан командасының бас бапкері бекітілді
Тағайындау • Бүгін, 14:50
Алматыда ағылшын тілінен өткен білім сайысы мәреге жетті
Білім • Бүгін, 14:40
Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 14:37
Дін саласы мамандарына арналған семинар басталды
Қоғам • Бүгін, 14:32
Сенатор қандастарға берілетін төлқұжатты Наурыз мерекесінде табыстауды ұсынды
Қазақстан • Бүгін, 14:15
Омарташылар мен марал өсірушілер қолдауға зәру
Қоғам • Бүгін, 14:00
Сенатор кітапхана қызметкерлерінің жалақысын көтергенді жөн санайды
Қоғам • Бүгін, 13:27
«Nissan Primera» көлігі жылқы соқты
Аймақтар • Бүгін, 13:25
Мажарстан инвесторлары Түркістан облысында күн электр стансасын салады
Экология • Бүгін, 12:56
Нұрлан Нығматулин Мәжіліс жанынан партияаралық Қеңес құруды ұсынды
Парламент • Бүгін, 12:53
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшылары ротацияланады
Білім • Бүгін, 12:46
Түркістан облысының білім беру саласында 29 қылмыстық құқық бұзушылық деректері тіркелген
Аймақтар • Бүгін, 12:36
Елорданың бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды
Аймақтар • Бүгін, 12:35
Германиядағы локдаун 28 наурызға дейін ұзартылды
Әлем • Бүгін, 12:30
Карантинге байланысты қызметкерлердің тең жартысы қашықтан жұмыс істеуі керек
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Нұр-Сұлтанда базарлардың демалыс күндері де жұмыс істеуіне рұқсат етілді
Аймақтар • Бүгін, 12:29
Абзал Бейсенбекұлы Қаржы министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 12:19
Төтенше жағдай инспекторлары кәсіпорындардың жұмысын тоқтату құқығына ие болды
Қоғам • Бүгін, 12:14
Қазақстан елшісі Мәскеудегі Бауыржан Момышұлы атындағы мектепте болды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Forte Challenger турнирінде 3 қазақстандық спортшы жұптық сында ширек финалға өтті
Спорт • Бүгін, 12:04
Мемлекеттік білім беру ұйымдарына педагогтерді конкурс арқылы қабылдау енгізіледі
Білім • Бүгін, 11:57
Қостанай облысында ақылы жолдар пайда болады
Аймақтар • Бүгін, 11:45
Түркістан облысында цирк, бильярд клубтары жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Бүгін, 11:37
Түзеу мекемесі қызметкерлері қан тапсыруды міндет санайды
Аймақтар • Бүгін, 11:35
Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық рейтингінде позициясын жақсартты
Қазақстан • Бүгін, 11:35
Түркістан облысында 62 жобаны іске қосу көзделуде
Аймақтар • Бүгін, 11:23
«Екібастұздың» бас бапкері орнын босатты
Футбол • Бүгін, 11:23
Дубайда Рамазан айына дейін бірқатар шектеу енгізілді
Әлем • Бүгін, 11:21
«Астана балет» театры гала-концерт өткізеді
Театр • Бүгін, 11:13
Қазақстандықтар жеңілдік сертификаты арқылы 6 мыңға жуық жаңа көлік сатып алды
Қазақстан • Бүгін, 11:09
ММА-ден 2021 жылғы әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Қазақстан • Бүгін, 11:07
2021 жылы ана мен баланы қолдауға қанша қаржы бөлінеді?
Қазақстан • Бүгін, 11:04
Әлеуметтік кәсіпкерлік «ерекше» адамдар үшін жұмыс орындарын құруға көмектеседі
Қоғам • Бүгін, 11:00
Нұр-Сұлтанда қараусыз қалған желілер мәселесі қалай шешіліп жатыр?
Аймақтар • Бүгін, 10:48
Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды
Қазақстан • Бүгін, 10:43
Теңгенің әлсіреуіне не әсер етті?
Қаржы • Бүгін, 10:33
2025 жылға дейін 11 мың шақырым автомобиль жолын ақылы ету жоспарлануда
Қазақстан • Бүгін, 10:22
Шетелден анықтамасыз келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ
Коронавирус • Бүгін, 10:20
Ұстаздар үйіндегі қайырымдылық
Аймақтар • Бүгін, 10:15
3 миллион қазақстандық медициналық сақтандырудан неліктен тыс қалды?
Медицина • Бүгін, 10:14
«COVID - 19-сыз саяхаттаймын» мобилді қосымшасы қандай көмек береді?
Қоғам • Бүгін, 10:10
Шымкенттегі «Аzala Тextile» - Қазақстандағы көшбасшы кәсіпорындар қатарында
Экономика • Бүгін, 10:10
Мемлекет басшысы елді дамытуға үлесін қосқан әйелдерге бейнеүндеу жолдады
Президент • Бүгін, 10:09
Нұр-Сұлтанда АХАТ органдарының 100 жылдығы аталып өтті
Аймақтар • Бүгін, 09:59
Түркістан облысында 16 заңсыз құрылыс нысаны сүрілген
Аймақтар • Бүгін, 09:57
Полиция алаяқтардан сақтануды ескертті
Қоғам • Бүгін, 09:48
Алматылық сақшылардың жеңілдікпен пәтер алуға мүмкіндігі бар
Қоғам • Бүгін, 09:37
Қоғам • Бүгін, 09:26
Шымкентте үкіметтік емес ұйымдар әлеуметтік қызмет көрсетуде белсенділік танытуда
Аймақтар • Бүгін, 09:19
Атырауда 27 жастағы жігіт бірнеше жерге есірткі жасырған
Қоғам • Бүгін, 09:12
Өңірлерге сұйытылған газ жеткізу жоспары қайта жасақталды
Аймақтар • Бүгін, 09:10
Лисаков қаласында теннис орталығы пайдалануға беріледі
Аймақтар • Бүгін, 09:08
Ұқсас жаңалықтар