Тағайындау • 22 Қаңтар, 2021

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен Аида Дәденқызы Құрманғалиева Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды

Аида Құрманғалиева 1970 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірді. Еңбек жолын 1988 жылы «Қазагроөнеркәсіп» республикалық тресінің техникалық қызметкері болып бастаған.

Әр жылдары қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінде жұмыс істеді. 2010-2013 жылдары — ҚР денсаулық сақтау вице-министрі.

2013-2014 жылдары — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы. 2014-2017 жылдары — ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жауапты хатшысы.

2017 жылдан 2021 жыл аралығында — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы.