Қоғам • 22 Қаңтар, 2021

Атқарушылық сот құжаттары біріздендірілді

3 рет көрсетілді

2020 жылы сот орындаушылардың мәжбүрлеп орындауында 5 млн астам атқарушылық құжат болды. Бұл туралы ҚР Әділет вице-министрі Алмат Мадалиев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

«2020 жылы сот орындаушылардың мәжбүрлеп орындауында 5 млн астам атқарушылық құжат болды. Яғни, өндіріп алушылардың пайдасына 7 трлн теңге сомасынан артатын атқарушылық іс жүргізулер қозғалды. Атқарушылық іс құжаттардың орындалуы 69,9 пайызды құрады. Осылайша, министрліктің Стратегиялық жоспарының нысаналы индикаторларына қол жеткізуі қамтамасыз етілді», деді ол министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.

Оның айтуынша, өткен жылдың көктем кезінде «Covid-19» коронавирустық инфекцияға қатысты енгізілген төтенше режимге қарамастан атқарушылық іс жүргізу бағыты бойынша жұмыс ақаусыз қамтамасыз етілді. Төтенше жағдай кезінде сот орындаушыларға инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында атқарушылық іс жүргізу тараптарымен қатынасуды азайтып, үйден шығаруға, құрылыстарды бұзуға қатысты процессуалдық әрекеттерді кейінге қалдыруға тапсырма берілді.

«Осындай шектеуге қарамастан әлеуметтік маңызды атқарушылық құжаттардың орындалуы басымдықта қала берді. Олардың орындалуы атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы атқарушылық іс-әрекеттерді қашықтық режимінде қамтамасыз етілді», деді Алмат Мадалиев. 

Соңғы жаңалықтар

«Nissan Primera» көлігі жылқы соқты

Аймақтар • Бүгін, 13:25

Ұстаздар үйіндегі қайырымдылық

Аймақтар • Бүгін, 10:15

Ұқсас жаңалықтар