Соңғы дерек бойынша өткен тәулікте 78 тұрғыннан вирус анықталған.Оның ішінде Талдықорған қаласында – 25, Еңбекшіқазақ ауданында-9, Қаратал ауданында - 8, Іле және Жамбыл аудандарында - 6 жағдайдан, Алакөл, Талғар және Панфилов аудандарында – 4 жағдайдан, Текелі қаласында - 4, Қарасай және Көксу аудандарында – 3 жағдайдан, Қапшағай қаласында - 3, Ұйғыр ауданында - 2 жағдай тіркелді.
Жалпы, облыс емханаларында 569 адам емделуде, оның ішінде 31 адамның жағдайы ауыр екен. Ал 375 адам амбулаториялық ем алуда.
Алматы облысы