Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшылығының қатысуымен Энергетика министрлігінде кеңес өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Күн тәртібінде – превенция, алдын алу және қоғамдық бақылауды күшейту мәселелері.
Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев қызметтің және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету бойынша ведомствоның күш-жігерін жандандырғанын атап өтті.
"Өткен жылы бірқатар бизнес-үдеріс оңтайландырылды. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру мәселесі онлайн-форматқа көшірілді, жер қойнауын барлау және игеру жөніндегі орталық комиссияның құрамы күшейтіліп, тәуелсіз сарапшылар құрамы кеңейтілді, қоғам белсенділері тартылды. Ел басшылығы мен Үкіметтің тікелей тапсырмасына сәйкес бұл бағыт жалғасады", деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.
Агенттік Төрағасы Алик Шпекбаев энергетика саласының қызметкерлеріне жүктелген жоғары жауапкершілікке назар аударды: "Отын-энергетика кешені әлемнің кез келген елінің әлеуметтік-экономикалық дамуының локомотиві болып табылады. Біздің мемлекетімізде ол басқа салалар мен әлеуметтік саланың дамуы мен сәтті жұмыс істеуіне ықпал ететін бюджет кірістерінің негізгі бөлігін қамтамасыз етеді. Бұл саладағы сыбайлас жемқорлықтың мультипликативті әсері бар, себебі болмашы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері тұтастай алғанда ел үшін айтарлықтай салдарға әкеп соқтыруы мүмкін".
Ол Атом және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінде қызмет алушылар үшін қолайлы жағдай жасау және тұтынушыға бағдарлануды қамтамасыз ету сияқты азаматтармен өзара іс-қимылдың сервистік үлгісіне көшудің маңыздылығын еске салды.
2020 жылы келушілердің қолжетімділігін жеңілдету үшін Министрліктің орталық аппаратында ғимараттың бірінші қабатында орналасқан "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесі ашылды. Әр ниет білдіруші азамат кеңес алатын немесе шағыммен жүгіне алатын жедел желі ұйымдастырылды (8-7172-786938).
Қызметкерлер азаматтық қоғам өкілдерімен бірлесіп жер қойнауын пайдалану, газ және газбен жабдықтау саласындағы проблемалық мәселелерді, сондай-ақ электр энергетикасы саласындағы бақылау-қадағалау функцияларын зерделеуге назар аударады.
Осыған орай Агенттік жанындағы арнайы мониторингтік тобының жетекшісі Айгүл Соловьева: "Министрлік қызметкерлері жұртшылық үшін ашылуы тиіс. "Энергетика министрлігі – Адалдық алаңы" жобалық кеңсесі өз құрамына азаматтық қоғам мен БАҚ өкілдерін тарту арқылы өзара іс-қимылдың тиімді алаңына айналуы қажет", деп толықтырды.
Кеңес барысында инвестициялық тартымдылықты нығайту тұрғысынан Министрлік қызметінің ашықтығын арттыру мәселелері де талқыланды. 2020 жылдың желтоқсанында алғаш рет жер қойнауын пайдалану құқығын алуға аукциондық сауда-саттық өткізілгені атап өтілді. 263 млн теңге деңгейіндегі жиынтық бастапқы баға 230 еседен астам өсіп, 61 млрд теңгеге жетті.
Елдің ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын жеткізуді автоматтандырылған жоспарлауды енгізу пысықталуда. Бұл шара сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және адами факторды болдырмауға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде процестің ашықтығын қамтамасыз етеді.
Министрлік электрондық алаңдар арқылы сауда-саттық көлемін кезең-кезеңмен ұлғайтуды да көздеп отыр. Толыққанды көшу 2021 жылдың соңына дейін жүреді. Осылайша, негізделген баға тәжірибесі қалыптасады. Бұл мәмілелердің транспаренттілігін, елді газбен жабдықтау сенімділігін арттыруды және көлеңкелі экспортты жоюды білдіреді.
Мұнай мен газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесін құру да жоспарда бар. Шын мәнінде, бұл мұнай мен газ конденсатын дайындау, тасымалдау, сақтау, жөнелту, сату, аумаққа әкелу және елден шығару мониторингі, бақылау құралы болады.
Бұл бағыт Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен ынтымақтастықта іске асырылады.
Алматыда жауын-шашын салдарынан көліктерді ағаш басып қалды
Аймақтар • Кеше
Көктемдегі ҰБТ 10-наурызда басталады
Білім • Кеше
Алматыда «Жыл құсы-2021» көрмесі басталды
Өнер • Кеше
Екі-ақ төрті бар екен, қалғанының бәрі бес...
Аймақтар • Кеше
Әр сала үздіктеріне құрмет танытты
Аймақтар • Кеше
Алматы тауларында қар көшкіні жүреді
Экология • Кеше
Жаңа маусымда жергілікті ойыншыларға сенім артты
Аймақтар • Кеше
«Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы жарияланды
Қоғам • Кеше
Алдағы 9 наурызда Бас санитардың жаңа қаулысы күшіне енеді
Медицина • Кеше
Атырауда түрмедегілер туысымен екі тәулікке кездесе алады
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Алматыда гашиш сатқан азамат ұсталды
Қоғам • Кеше
«Қазақалтын» кенішінен 122 млн теңгенің алтыны ұрланды
Аймақтар • Кеше
Қостанай облысында «Көктем - 2021» оқу-жаттығу шарасы өтті
Аймақтар • Кеше
Руслан Бекетаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
«Ashyq» қосымшасын 27 алматылық кәсіпкер сынақтан өткізуде
Аймақтар • Кеше
Гүлшара Әбдіқалықова аяулы аналарды мерекесімен құттықтады
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда тағы бір мереке пайда болады
Қазақстан • Кеше
ШҚО тұрғыны 230 келіден астам маралдың мүйізін ұрлаған
Аймақтар • Кеше
Grand Slam: Елдос Сметов финалға шықты
Спорт • Кеше
Қарағандыда жол апатынан 3 адам қайтыс болды
Аймақтар • Кеше
ForteBank пен Қазпошта ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Экономика • Кеше
Спорт • Кеше
Үкімет басшысы Инвестициялық штабтың отырысын өткізді
Үкімет • Кеше
Биыл Нұр-Сұлтанда 10 мың жеңілдетілген пәтер салынады
Елорда • Кеше
Аймақтар • Кеше
Шымкентте тозығы жеткен үйлер сүріледі
Аймақтар • Кеше
Атырауда 563 мың тұрғын сақтандырылды
Аймақтар • Кеше
Ақтауда ұтыс ойынын ұйымдастырған блогер жазалана ма
Аймақтар • Кеше
Экономика • Кеше
Ілияс музейі отыз жетінші көктемін қарсы алды
Аймақтар • Кеше
Атырауда демеушілер 700 отбасы азық-түлікпен қамтиды
Аймақтар • Кеше
Ауылдарда тұрғын үй салына бастайды
Қазақстан • Кеше
Металлургия саласындағы өндіріс көлемі 3,1% - ға өсті
Экономика • Кеше
Шетелден ПТР анықтамасыз келетіндер көбейді
Қазақстан • Кеше
Демалыс күндері ауа райы қандай болады
Қазақстан • Кеше
Павлодарда үш көлік соқтығысып, 7 адам зардап шекті
Аймақтар • Кеше
«Барыс Арена»: Енді хоккейді жанкүйерлері залдан тамашалайды
Қазақстан • Кеше
Аймақтар • Кеше
Елдегі азық-түлік қауіпсіздігінің деңгейі қандай?
Қазақстан • Кеше
Қазақстан сәуір айында мұнай өндірісін арттырады
Экономика • Кеше
Мигранттар үшін ең тартымды ел қайсы?
Қазақстан • Кеше
Туберкулездің таралуы төмендеген
Аймақтар • Кеше
Әлем • Кеше
Шымкентте із-түссіз жоғалып кеткен оқушы қыз аман-есен табылды
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар