Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021

Нұр-Сұлтанда COVID-19 індетінің өсуі байқалады

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда жақында эпидемиология жағдайға байланысты «қызыл аймаққа» енді. Нұр-Сұлтанның бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенованың ақпаратына сәйкес, COVID-19 инфекциясының апталық өсімі байқалады.

Нұр-Сұлтанда COVID-19 індетінің өсуі байқалады

Індеттің өсуі қала тұрғындарының әлеуметтік қашықтық ережелерін және басқа да санитарлық талаптарды бұзуымен байланысты. Осыған байланысты рейдтер күшейтілмек. Санитарлық шаралар сақталмаса жағдай кез-келген уақытта нашарлауы мүмкін.

«Егер халық арасында жұқтыру саны артатын болса, біз қатаң шектеу шараларын кезең-кезеңмен немесе бірден енгізуге мәжбүр боламыз. Ауырып қалуымыз тікелей өзімізге байланысты. Мұны есте сақтау қажет. Елордадағы эпидемиологиялық жағдай қазір «тұрақсыз». Алайда тұрғындар медициналық бетперде кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау, бұқаралық іс-шаралар өткізбеу, адамдар көп жиналатын орындарға барудан аулақ болу сияқты қарапайым ережелерді бұлжытпай сақтайтын болса, қатаң шаралар қабылдау туралы ойымыздан бас тартуымыз мүмкін», деп атап өтті елорданың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова.

Соңғы жаңалықтар