Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021

Заңгерлерді даярлау меморандумына қол қойды

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институтының «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі Ермек Бөрібаев пен Алматы қаласы Медеу аудандық №2 аудандық қылмыстық сотының төрағасы Айгүл Маликова ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, - деп хабарлайды Egemen.kz

Заңгерлерді даярлау меморандумына қол қойды

Тарих және құқық институтының міндеті сапалы білімдік қызметті әлемдік стандарттар деңгейінде қамтамасыз ету, ол өз кезегінде комплекстік және дәйекті негіздік қызметтің принциптерін жүзеге асырумен қатаринтеграциялық, пәнаралық сипатқа бағытталған және оқу үдерісіне әрдайым жаңа білімді, ең тиімді және сұранысқа бейім білімдік тәжірибе енгізу, оқыту қызметінің сапасын көтеру және біртұтас үш сатылы кәсіби білім моделінің деңгейін сабақтастыру (бакалавриат-магистратура-докторантура PhD), білім алушылар мен ОПҚ академиялық мобильділік бағдарламасын дамыту, оқу процесіне үлкен масштабта инновациялық жолдарды енгізу (оқу бағдарламасының сипаты мен формасы негізіндегі оқу траекториясының кредиттік-модульдік құрылымы) менинновациялық сипат негізіндегі көрсетілген оқу бағдарламасында алға қойған жолдарды жүзеге асыруда лайықты инфраструктура құру болып табылады.

Меморандум аясында тараптар болашақ заң мамандарын даярлау және оқыту, болашақ заң кадрларын бакалаврлармен және заң ғылымының магистрлері ғылыми кадрларын оқыту, сот кадрлары мен қызметкерлердің біліктілігін арттыру, бірлескен ғылыми зерттеулерге қатысу және болашақ заңгерлер мен ғылыми кадрлар үшін бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде жан-жақты көмек көрсетуге өзара келісімге келді.

 

АЛМАТЫ