Аймақтар • 23 Қаңтар, 2021

«KazALPack» Орталық Азия аумағында бірегей жобаны жүзеге асырмақ

465 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы бірқатар өнеркәсіп нысанының жұмыс барысын аралап көрді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«KazALPack» Орталық Азия аумағында бірегей жобаны жүзеге асырмақ

Қала әкімі орау-қаптау материалдарын өндіретін «KazALPack» ЖШС-ның қазіргі жағдайымен танысты.

«KazAlPack» ЖШС - Орталық Азия аумағында бірегей жобаны жүзеге асыратын кәсіпорын. «Оңтүстік» индустриялық аймағы аумағында орналасқан өндіріс орны алюминий банкаларын шығарады.

Заманауи зауыттың жалпы ауданы - 20 000 шаршы метр. Өндірістің максималды қуаты жылына 500 миллион банка шығаруға қауқарлы.

Жоба аясында сыраны, шырындарды, газдалған және газдалмаған әлсіз алкогольді және алкогольсіз сусындарды құюға арналған түрлі көлемдегі оңай ашылатын қақпақтары бар, алюминий банкілерін шығару жоспарлануда.

Қазіргі таңда өндірістік және қойма үй-жайларын салу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Өндірістік жабдықтар кезең-кезеңімен жеткізілуде.

Экологиялық аспект маңызды факторлардың бірі. Алюминий банкі - әлемдегі экологиялық ең таза және қайта өңделетін қаптама. Алюминий банкаларының жартысынан көбі қайта өңдеуге жіберіледі. Оны қайта өңдеуге және қайтадан шексіз пайдалануға болады.

Қала әкімі кәсіпорын басшыларына құрылыс жұмыстарымен қатар, қазірден бастап мамандар даярлауға, бұл салада кәсіптік-техникалық колледждермен меморандум түзуді тапсырды.

«KazAlPack» ЖШС жобасы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауымен «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше