15 Желтоқсан, 2013

«Шырқа, даусым!» таланттар қанатын қатайта түсті

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тараз қаласында Кенен Әзірбаев атындағы «Шырқа, даусым!» деп аталатын VІІ респуб­ликалық конкурс болып өтті.

Тараз қаласында Кенен Әзірбаев атындағы «Шырқа, даусым!» деп аталатын VІІ респуб­ликалық конкурс болып өтті.Оған конкурс иелері – жамбылдық таланттарды айтпағанда, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарымен бірге Астана және Алматы қалаларынан келген 18-35 жас аралығындағы 28 әнші қатысты.

Күміс көмей әншілердің өнері сынға түскен конкурс қорытындысы бойынша бас жүлдеге тігілген 500 мың теңгені алматылық талантты әнші Арай Асқап жеңіп алды. Ата-бабасының кіндік қаны тамған қазақ жеріне Қытай елінен сағынышпен келген ару қыздың бұл жеңісін ән бәсекесіндегі алғашқы табысы деп бағалауға болады. Бірінші орынға берілетін 200 мың теңгені тараздық әнші Ерлан Ибаділдаев пен Талдықорған қаласынан келген жез таңдай Рауан Әбілбаев иеленді. Екінші орынның еншісіндегі 150 мың теңгені Жамбыл облысының дарынды ұлы Камал Нарбатыров пен Алматы облысының өзіндік өрнегі бар өнерпазы Оразәлі Жаңабаев алды. Үшінші орынға тиесілі 100 мың теңге астаналық әнші Нәзира Бейсенова мен Оңтүстік Қазақстан облысының түлегі Ерғали Ағайдаровқа бұйырды.

Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан».

ТАРАЗ.

Соңғы жаңалықтар